Жамбыл ауылдық округінің Жамбыл ауылындағы көше атауын өзгерту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Қордай ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 12 қаңтардағы № 4 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінің 2017 жылғы 10 ақпанда № 3300 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Жамбыл ауылдық округінің Жамбыл ауылындағы Ключевая көшесінің атауы Алтынбұлақ көшесі болып өзгертілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жамбыл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы А. Кылышбековаға жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарына мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ауылдық округ әкімі Д. Темир

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады