РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2017 жылғы 29 наурыздағы қорытындысын және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сарыбұлақ ауылдық округінің Сарыбұлақ ауылындағы Набережная көшесі Талдыбұлақ, Трудовая көшесі Ақмұнар болып өзгертілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Сарыбұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы С.Садыковаға жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарына мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округінің әкімі | Р. Варшакидзе |