РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақсан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақсан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақсан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2017 жылғы 29 наурызындағы қорытындысы және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ауқатты ауылдық округінің Ауқатты ауылы көшелерінің атаулары өзгертілсін:
Молодежная көшесі – Айнабұлақ;
Ю.Гагарин көшесі – Әулиешоқы;
МТМ қалтарысы -Тікжол бұрылысы;
Свобода қалтарысы - Қылжыр бұрылысы.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ауқатты ауылдық округі әкімінің орынбасары А. Искалиеваға жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарына мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округінің әкімі | Д. Қарымсақов |