Масанчи ауылдық округінің Масанчи ауылындағы көше атауларын өзгерту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылдық округінің әкімінің № 45 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 27 маусымда № 3475 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақсан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақсан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрлысы туралы" Қазақсан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2017 жылғы 29 наурыздағы қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Масанчи ауылдық округінің Масанчи ауылы көшелерінің атаулары өзгертілсін:

      70-лет Октября көшесі - Ақ Орда;

      Климент Ефремович Ворошилов көшесі – Сарыарқа;

      Феликс Эдмундович Дзержинский көшесі – Сайран;

      Дружба көшесі – Ынтымақ;

      Андрей Александрович Жданов көшесі – Ақжайлау;

      Интернациональная көшесі – Думан;

      Михаил Иванович Калинин көшесі – Алатау;

      Сергей Миронович Киров көшесі – Ұлытау;

      Коминтерн көшесі – Ақтерек;

      Коммунистический көшесі – Ақсай;

      Комсомольская көшесі – Өжет;

      Валериан Владимирович Куйбышев көшесі – Байқоңыр;

      Владимир Ильич Ленин көшесі - Мәңгілік ел;

      Механизация көшесі – Тасбұлақ;

      Мир көшесі – Ақши;

      Почтовый көшесі – Болашақ;

      Правда көшесі – Айқын;

      Яков Михайлович Свердлов көшесі – Құлсары;

      Северная көшесінің атауы – Солтүстік;

      Табачная көшесі – Барыс;

      Михаил Васильевич Фрунзе көшесі – Ақмешіт;

      Дмитрий Андреевич Фурманов көшесі – Медеу;

      Василий Иванович Чапаев көшесі – Меркі;

      Школьная көшесі – Арасан.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Масанчи ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы З. Гудожановқа жүктелсін.

      2. Осы шешім әділет органдарына мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округінің әкімі Я. Искаков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады