Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37 бабының 8 тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабына сәйкес Меркі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Меркі ауданы әкімдігінің 2014 жылдың 28 қарашадағы "Коммуналдық мүлікті жалға алуға (жалдауға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібін айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2430 болып тіркелген, 2014 жылғы 24 желтоқсанда "Меркі тынысы-Меркенский вестник" газетінде жарияланған) № 796 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік- құқықтық және ұйымдастыру инспекторлық бөлімшесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Акек Ербол Базарбаевичке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | М. Өмірбеков |