"Меркі ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Меркі аудандық мәслихатының 2015 жылғы 31 наурыздағы № 37-4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Меркі ауданы мәслихатының 2017 жылғы 14 маусымдағы № 17-6 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 29 маусымда № 3479 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Меркі аудандық мәслихатының 2019 жылғы 13 мамырдағы № 46-3 шешімімен

      Ескерту. Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Меркі аудандық мәслихатының 13.05.2019 № 46-3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңына және "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 қаулысына сәйкес Меркі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Меркі ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Меркі аудандық мәслихатының 2015 жылғы 31 наурыздағы №37-4 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2620 болып тіркелген, 2015 жылдың 29 сәуірдегі аудандық "Меркі тынысы - Меркенский вестник" газетіне жарияланған) шешіміне өзгерістер енгізілсін:

      аталған шешіммен бекітілген "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:

      8 тармақтың 2) абзацы:

      " - көптеген дәрілік заттарға төзімді туберкулезбен ауыратын (IV топ) адамдарға (отбасыларға) амбулаториялық емін алу кезеңінде 12 (он екі) ай мерзіміне, ай сайын 12 372 (он екі мын үш жүз жетпіс екі) теңге көлемінде;" деген сөздер

      " - туберкулезбен ауыратын адамдарға (отбасыларға) амбулаториялық емін алу кезеңінде 12 (он екі) ай мерзіміне, ай сайын 21 871 (жиырма бір мың сегіз жүз жетпіс бір) теңге көлемінде;" деп ауыстырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау алтыншы шақырылған білім мен спорт, денсаулық сақтау, әлеуметтік-мәдени салалар, гендерлік саясат, жастар және қоғамдық ұйымдармен байланыстар, аналар мен балаларды және мүгедектердің мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы хатшысы
      М. Көкрекбаев І. Ахметжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады