Ойтал ауылдық округінің Меркі станциясындағы көше атауын өзгерту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Меркі ауданы Ойтал ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 51 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 27 шілдеде № 3490 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2017 жылғы 29 наурыздағы қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Ойтал ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

       1. Ойтал ауылдық округі Меркі станциясындағы Железнодорожная көшесінің атауы Мұстафа Шоқай көшесі болып өзгертілсін.

       2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ойтал ауылдық округі әкімінің орынбасары Г.Оспанбековаға жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ойтал ауылдық округінің әкімі М. Онгарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады