Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабы 7), 8) тармақшаларына, 27 бабы 1 тармағының 2), 3) тармақшаларына сәйкес Т. Рысқұлов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Т. Рысқұлов ауданы бойынша ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдарда 2017 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына қызметкерлердің жалпы санынан квоталар 1, 2 қосымшаларға сәйкес белгіленсін.
2. "Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2017 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау жұмыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Дайрабаев Берік Тынышбекұлына жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Ж. Айтақов |
Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 10 ақпандағы № 36 қаулысына 1-қосымша |
2017 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар
Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 10 ақпандағы № 36 қаулысына 2-қосымша |