РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37 баптарына және "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 19 бабына сәйкес Сарысу ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жаңатас қаласындағы жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауда жол жүру тарифі барлық жолаушылар үшін – 50 (елу) теңге;
мектеп оқушыларына (1-11 сынып) – 20 (жиырма) теңге болып бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Омарбек Берген Жақатайұлына жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарына мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б. Нарбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Сарысу аудандық
мәслихатының хатшысы
С.Бегеев
6 қазан 2017 жыл