2017 жылға пробация қызмеінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас босандығынан айыру орындарынан босаылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Талас аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 30 қаңтардағы № 10 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 22 ақпанда № 3321 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 7 бабы 9) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18, 168 баптарына сәйкес, Талас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін, сондай-ақ оларды жұмысқа орналастыратын жеке және заңды тұлғалар көтермеленсін.
      2. Талас ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 29 қазандағы № 523 "Қылмыстық атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2051 болып тіркелген, 2013 жылдың 30 қарашасында № 114 (9422) "Талас тынысы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. "Талас ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды белгіленген квотаға сәйкес жұмыспен қамтысын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Кадырбек Рысқұлбекұлы Садубаевқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Б.Рысмендиев

  Талас ауданы әкімдігінің
30 қаңтар 2017 жылғы
№ 10 қаулысына қосымша

2017 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленген ұйымдардың тізбесі

Ұйымның атауы

Жұмыс орындарының саны

Квота пайызы

Квота белгіленген жұмыс орындарының саны

"Талас ауданы әкімдігінің "Игілік" көпсалалы кәсіпорны" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық кәсіпорыны

174

1%

2

"Таза қала - Қаратау" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

38

2%

1

"Жамбыл Недр" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

165

1%

2

Барлығы

377

5

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады