РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Шу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес егістік жер учаскесіне тамшылатып және жаңбырлатып суғару жүйесін пайдалану үшін жер пайдаланушылардан алып қоймай он жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің тұрғын-үй құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жер пайдаланушыларына қауымдық сервитут белгілеуден келтірілген шығынды толық көлемде өтеуді қамтамасыз етсін және егістік жер учаскесіне тамшылатып және жаңбырлатып суғару жүйесін жүргізу жұмыстары аяқталғаннан кейін бүлінген жерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Әлихан Әбілашұлы Балқыбековке жүктелсін.
5 . Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Қ. Досаев |
Шу ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 26 мамырдағы № 188 қаулысына қосымша |
Егістік жер учаскесіне тамшылатып және жаңбырлатып суғару жүйесін пайдалану үшін жер пайдаланушылардан алып қоймай он жыл мерзімге белгіленетін қауымдық сервитут
№ | Жер учаскесінің орналасқан жері | Қауымдық сервитут белгіленген жерлер, гектар жалпы | оның ішінде | ||
ұзындығы метр | ені, метр | тәлімді егістік (гектар) | |||
1 | Ескі Шу ауылдық округі | 4323.08 | 36000 | 6000 | 4323.08 |
2 | Жана жол ауылдық округі | 1691.21 | - | - | 1691.21 |
3 | Бірлікүстем ауылдық округі | 1266.31 | - | - | 1266.31 |
4 | Қонаев ауылы | 3217.7 | - | - | 3217.7 |