Қорағаты ауылдық округіне қарасты Еңбек ауылына карантин режимін енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Шу ауданы Қорағаты ауылдық округінің 2017 жылғы 5 қаңтардағы № 1 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 19 қаңтарда № 3288 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7-тармағына және Шу ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық санитарлық инспекторының 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 443 ұсынысы негізінде ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Мүйізді ірі қара малының арасынан қарасан ауруы анықталуына байланысты, Қорағаты ауылдық округіне қарасты Еңбек ауылына карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режим белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қорағаты ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы Қамзаев Қуаныш Қурманбековичке жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Округ әкімі Е. Анатаев

      Шу ауданы Қорағаты ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 5 қаңтардағы "Қорағаты ауылдық округіне қарасты Еңбек ауылына карантин режимін енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы" №1 шешіміне келісім парағы
       "Жамбыл облысы Ішкі істер
      департаментінің Шу аудандық
      Ішкі істер бөлімі" мемлекеттік
      мекемесі
      Басшы Ш. Жапабааев
      "___"_______________ 2017 жыл
      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігі
      ветеринариялық бақылау және
      қадағалау комитетінің Шу аудандық
      аумақтық инспекциясы мемлекеттік
      мекемесі
      Басшы С. Таңсықов
      "___"_______________ 2017 жыл
      Қазақстан Республикасы
      тұтынушылардың құқықтарын қорғау
      агенттігінің Жамбыл облысы тұтынушылардың
      құқықтарын қорғау департаментінің
      "Шу ауданы бойынша тұтынушылар
      құқығын қорғау басқармасы" мемлекеттік
      мекемесі
      Басшы М. Болотин
      "___"_______________ 2017 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады