Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгертулер енгізу туралы

Жаңартылған

Қарағанды облысы әкімдігінің 2017 жылғы 21 қыркүйектегі N 59/02 бірлескен қаулысы және Қарағанды облыстық мәслихатының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі N 224 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 6 қазанда N 4366 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11 бабының 2 тармақшасына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына келесі өзгертулер енгізілсін:

      1) Ақтасты ауылдық округі есепті деректерден алынып, таратылсын;

      2) есептік деректерге енгізіліп, әкімшілік орталығын Талдыбұлақ ауылын анықтап, Талдыбұлақ ауылдық округі құрылсын;

      3) Талдыбұлақ ауылдық округінің әкімшілік және аумақтық бағынысына Талдыбұлақ, Ақтасты, Алғабас ауылдары берілсін;

      4) Талдыбұлақ ауылдық округі құрамына:

      таратылатын Ақтасты ауылдық округінің аумағы;

      Байдалы би ауылдық округы құрамынан шығарылып, Талдыбұлақ ауылының аумағы;

      Алғабас ауылының аумағы, оны Сейфуллин ауылдық округінің құрамынан шығарып берілсін;

      5) Талдыбұлақ ауылдық округінің шекарасы жалпы аумағы 90 755 гектар болып белгіленсін;

      Сейфуллин ауылдық округінің шекарасы жалпы аумағы 190 744 гектар болып белгіленсін;

      Байдалы би ауылдық округінің шекарасы жалпы аумағы 57 060 гектар болып белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысының әкімдігінің 09.12.2021 № 88/02 бірлескен қаулысымен және Қарағанды облыстық мәслихатының 09.12.2021 № 140 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы Қарағанды облысы әкімдігі және Қарағанды облыстық мәслихатының бірлескен қаулысы және шешімінің орындалуын бақылау Қарағанды облысы әкімінің орынбасары С.Ж. Шайдаровқа жүктелсін.

      3. Осы Қарағанды облысы әкімдігі және Қарағанды облыстық мәслихатының бірлескен қаулысы және шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды облысының әкімі Е. Қошанов
      Қарағанды облыстық мәслихаты
Х сессиясының төрағасы
Ш. Осин
      Қарағанды облыстық мәслихат
хатшысының
міндетін атқарушы
С. Әдекенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады