Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгертулер енгізу туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2017 жылғы 21 қыркүйектегі № 59/02 және Қарағанды облыстық мәслихатының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 224 бірлескен қаулысы мен шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4366 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
орыс тіліндегі мәтінде 1 тармақтың 4) тармақшасының үшінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
1 тармақтың 4) тармақшасының төртінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
"Алғабас ауылының аумағы, оны Сейфуллин ауылдық округінің құрамынан шығарып берілсін;";
1 тармақ келесі мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) Талдыбұлақ ауылдық округінің шекарасы жалпы аумағы 90 755 гектар болып белгіленсін;
Сейфуллин ауылдық округінің шекарасы жалпы аумағы 190 744 гектар болып белгіленсін;
Байдалы би ауылдық округінің шекарасы жалпы аумағы 57 060 гектар болып белгіленсін.".
2. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды облысының әкімі | Ж. Қасымбек |
Облыстық мәслихат хатшысы | С. Утешов |