Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 31.01.2020 № 05/02 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" заңдарына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 шілдедегі № 42/02 "Мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3379 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 7 қыркүйегінде, 2015 жылдың 22 тамыздағы № 119 (21870) "Индустриальная Караганда", 2015 жылдың 22 тамыздағы № 132-133 (22018) "Орталық Қазақстан" газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
1 тармақтың 2) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"2) "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті";";
1 тармақ келесі мәтіндегі 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) "Қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім өндіру үшін оны сатып алуға арналған шығындарын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.";
осы қаулының қосымшасына сәйкес "Қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім өндіру үшін оны сатып алуға арналған шығындарын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентімен толықтырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қарағанды облысының әкімі | Е. Қошанов |
Қарағанды облысы әкімдігінің 2017 жылғы 16 қазандағы № 65/01 қаулысына қосымша Қарағанды облысы әкімдігінің 2017 жылғы 29 шілдедегі № 42/02 қаулысымен бекітілді |
"Қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім өндіру үшін оны сатып алуға арналған шығындарын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім өндіру үшін оны сатып алуға арналған шығындарын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) облыстың жергілікті атқарушы органымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтінімді қабылдау және нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 3-2/378 "Мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11284 болып тіркелген) "Қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім өндіру үшін оны сатып алуға арналған шығындарын субсидиялау " мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялар алуға арналған өтінімді қарастыру нәтижелері туралы хабарлама не көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша бас тарту туралы дәлелді жауабы.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттың 9-тармағында көрсетілетін белгіленген нысан бойынша өтінімді беру мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылдар) бастауға негіздеме болып табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінімді және құжаттарды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады - 15 (он бес) минут. Нәтижесі - қабылдаған күні және уақыты, құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегі, аты және әкесінің аты көрсетіле отырып, өтінімнің көшірмесіне тіркелгендігі туралы белгі қою және қызметті берушінің басшысына құжаттарды ұсыну;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттармен танысады және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманына жібереді – 15 (он бес) минут. Нәтижесі – құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманына жіберу;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы өтінімді тіркеген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандарттың 9-тармағына сәйкестігіне тексереді. Нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушының тексерілген құжаттары.
Үш жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды ведомствоаралық комиссияның қарауына жібереді. Нәтижесі – құжаттарды ведомствоаралық комиссияға ұсыну;
4) ведомствоаралық комиссия субсидия алуға қажетті құжаттарды ұсынған күннен бастап, үш жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды қарастырып, оларға тиесілі субсидиялар көлемдерін көрсете отырып, субсидиялар алуға арналған өңдеуші кәсіпорындардың тізімін қалыптастырады, бекітеді және оны көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманына ұсынады. Нәтижесі – көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманына өңдеуші кәсіпорындардың қалыптастырылған және бекітілген тізімдерді жіберу;
5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы ведомствоаралық комиссия ұсынған өңдеуші кәсіпорындар тізімі негізінде үш жұмыс күні ішінде өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алуға бюджеттік субсидияларды төлеуге арналған ведомость қалыптастырады. Нәтижесі – бюджеттік субсидияларды төлеуге қалыптастырылған ведомость.
Ведомості қалыптастырған соң он жұмыс күні ішінде төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарына сәйкес қағаз тасығышта ұсынған кезде екі данада аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем шоттарының тізілімін және төлем шотын ұсынады. Нәтижесі – қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне төлем шоттарының тізілімін беру.
Қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне төлем шоттарының тізілімін бергеннен кейін мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялар алуға арналған өтінімді қарастыру нәтижелері туралы хабарлайды не көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша бас тарту туралы дәлелді жауабын жолдайды.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы;
4) ведомствоаралық комиссия.
7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдың) реттілігінің сипаттамасы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінімді және құжаттарды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады - 15 (он бес) минут;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттармен танысады және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманына жібереді – 15 (он бес) минут;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы өтінімді тіркеген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандарттың 9-тармағына сәйкестігіне тексереді.
Үш жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды ведомствоаралық комиссияның қарауына жібереді;
4) ведомствоаралық комиссия субсидия алуға қажетті құжаттарды ұсынған күннен бастап, үш жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды қарастырып, оларға тиесілі субсидиялар көлемдерін көрсете отырып, субсидиялар алуға арналған өңдеуші кәсіпорындардың тізімін қалыптастырады, бекітеді және оны көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманына ұсынады;
5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы ведомствоаралық комиссия ұсынған өңдеуші кәсіпорындар тізімі негізінде үш жұмыс күні ішінде өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алуға бюджеттік субсидияларды төлеуге арналған ведомость қалыптастырады.
Ведомості қалыптастырған соң он жұмыс күні ішінде төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарына сәйкес қағаз тасығышта ұсынған кезде екі данада аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем шоттарының тізілімін және төлем шотын ұсынады.
Қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне төлем шоттарының тізілімін бергеннен кейін мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялар алуға арналған өтінімді қарастыру нәтижелері туралы хабарлайды не көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша бас тарту туралы дәлелді жауабын жолдайды.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы Регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
9. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы және "электрондық үкімет" веб - портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетілмейді.
"Қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім өндіру үшін оны сатып алуға арналған шығындарын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша |