"Азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 қыркүйектегі № 54/02 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы әкімдігінің 2017 жылғы 4 желтоқсандағы № 78/04 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 21 желтоқсанда № 4492 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 2020 жылғы 26 наурыздағы № 18/05 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 26.03.2020 № 18/05 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 21 маусымдағы № 766 "Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 219 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №15300 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 қыркүйектегі № 54/02 "Азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3468 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 2 қарашасында, "Индустриальная Караганда" газетінде 2015 жылғы 3 қарашадағы №155-156 (21906-21907), "Орталық Қазақстан" газетінде 2015 жылғы 3 қарашадағы №179-180 (22 064) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1) қаулының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған:

      1) "Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

      2) "Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

      3) "Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

      4) "Әкелікті анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

      5) "Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

      6) "Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

      7) "Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

      8) "Бала асырап алуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

      9) "Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік қызмет регламенті;

      10) "Азаматтық хал актілері жазбаларын жою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін";

      осы қаулы "Азаматтық хал актілері жазбаларын жою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентімен толықтырылсын;

      2) көрсетілген қаулымен бекітілген "Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық/қағаз түрінде.";

      5- тармақтың 4) тармақшасының бірінші азат жолы мынандай редакцияда жазылсын:

      "4) қызмет көрсетушінің жауапты орындаушысы 1 жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметтің құжаттар топтамасының қойылатын талаптарға сәйкестігін қарайды, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің жобасын дайындайды, егер баланың тууын оның туған күнінен бастап үш жұмыс күні өткеннен кейін өтініш берілген жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызмет 7 (жеті) жұмыс күні ішінде көрсетіледі, мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9- тармағында белгіленген құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде мемлекеттік қызмет алушыны хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;";

      5- тармақтың 4) тармақшасының екінші азат жолы мынандай редакцияда жазылсын:

      "азаматтық хал акті жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қаралады (құжаттарды қабылданған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді), басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны 3 күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;";

      7- тармақтың 4) тармақшасы мынандай редакцияда жазылсын:

      "4) қызмет көрсетушінің жауапты орындаушысы 1 жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттар топтамасының қойылатын талаптарға сәйкестігін қарайды және мемлекеттік қызметтің қорытындысының жобасын дайындайды; егер баланың тууын оның туған күнінен бастап үш жұмыс күні өткеннен кейін өтініш берілген жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызмет 7 (жеті) жұмыс күні ішінде көрсетіледі, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында белгіленген құжаттарды қосымша тексеру, басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;

      азаматтық хал акті жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қаралады (құжаттарды қабылдаған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді), басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны 3 күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады";

      3) көрсетілген қаулымен бекітілген "Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық/қағаз түрінде.";

      5-тармақтың 4) тармақшасының екінші азат жолы мынадай редакцияда жазылсын:

      "некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың бірлесе берген өтініші бойынша тиісті құжаттармен (жүктілік туралы дәрігерлік - біліктілік комиссиясының анықтамасы, денсаулық жағдайы туралы анықтама, басқа да ерекше мән-жайларды растайтын құжаттар) расталатын дәлелді себептер болған кезде (жүктілігі, бала тууы, тараптардың бірінің өміріне тікелей қауіп төнгенде және басқа да ерекше мән-жайлар) неке қиюды (ерлі - зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу орны бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір ай өткенге дейін неке қиюды (ерлі - зайыпты болуды) тағайындайды не мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушылардың берген жазбаша өтініші негізінде оны бір айдан аспайтын мерзімге ұзартады;";

      5-тармақтың 4) тармақшасының төртінші азат жолы мынадай редакцияда жазылсын:

      "азаматтық хал акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш 7 (жеті) жұмыс күні (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді), басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;";

      4) көрсетілген қаулымен бекітілген "Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

      2- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық/ қағаз түрінде.";

      5) көрсетілген қаулымен бекітілген "Әкелікті анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

      5-тармақтың 4) тармақшасының үшінші азат жолы мынадай редакцияда жазылсын:

      "азаматтық хал акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қаралады (қабылданған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді), басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;";

      7-тармақтың 4) тармақшасының үшінші азат жолы мынадай редакцияда жазылсын:

      "азаматтық хал акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қаралады (қабылданған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді), басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады";

      6) көрсетілген қаулымен бекітілген "Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық/қағаз түрінде.";

      5-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "қызмет көрсетушінің жауапты орындаушысы ұсынылған талаптарға сай өтінішті қарастырады және қызмет көрсету нәтижесінің жобасын дайындайды - 7 (жеті) жұмыс күні (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету күніне кірмейді), өзге мемлекеттік ұйымдарға сұраныс жасау қажет болған жағдайда, қызмет көрсету мерзімі 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде қызмет алушыны хабарлай отырып, 30 (отыз) күнтізбелік күннен асырмай ұзартылады;

      Азаматтық хал актісі жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш - 7 (жеті) жұмыс күні (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді), басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;

      7-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) қызмет көрсетушінің жауапты орындаушысы ұсынылған талаптарға сай өтінішті қарастырады және қызмет көрсету нәтижесінің жобасын дайындайды - 7 (жеті) жұмыс күні (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету күніне кірмейді), өзге мемлекеттік ұйымдарға сұраныс жасау қажет болған жағдайда, қызмет көрсету мерзімі 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде қызмет алушыны хабарлай отырып, 30 (отыз) күнтізбелік күннен асырмай ұзартылады;

      азаматтық хал актісі жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш - 7 (жеті) жұмыс күні (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді), басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;";

      7) көрсетілген қаулымен бекітілген "Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

      5-тармақтың 4) тармақшасының бірінші азат жолы мынадай редакцияда жазылсын:

      "қызмет көрсетушінің жауапты орындаушысы өтініштің ұсынылған талаптарға сәйкестігін қарайды және "АХАЖ" тіркеу пункті ақпараттық жүйесінде акт жазбаларының электрондық нұсқалары болған кезде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын дайындайды –7 (жеті) жұмыс күні (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді), басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу және қосымша зерделеу немесе тексеру қажет болған кезде - көрсетілетін қызметті алушыны қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;";

      7-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) қызмет көрсетушінің жауапты орындаушысы өтініштің ұсынылған талаптарға сәйкестігін қарайды және "АХАЖ" тіркеу пункті ақпараттық жүйесінде акт жазбаларының электрондық нұсқалары болған кезде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын дайындайды – 7 (жеті) жұмыс күні (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді), басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу және қосымша зерделеу немесе тексеру қажет болған кезде - көрсетілетін қызметті алушыны қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;";

      8) көрсетілген қаулымен бекітілген "Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

      5-тармақтың 4) тармақшасының үшінші азат жолы мынадай редакцияда жазылсын:

      "азаматтық хал актісіне өзгертулер, қосымшалар мен түзетулер енгізу жайлы арыз – 7 (жеті) жұмыс күні (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді), басқа мемлекеттік органдарға сұраным жіберу қажеттілігі туындаған кезде, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі, қызмет алушыға 3 (үш) күнтізбелік күн аралығында ескертіп, 30 (отыз) күнтізбелік күннен артық емес мерзімге ұзартылады;";

      7-тармақтың 4) тармақшасының үшінші азат жолы мынадай редакцияда жазылсын:

      "азаматтық хал актісіне өзгертулер, қосымшалар мен түзетулер енгізу жайлы арыз – 7 (жеті) жұмыс күні (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді), басқа мемлекеттік органдарға сұраным жіберу қажеттілігі туындаған кезде, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі, қызмет алушыға 3 (үш) күнтізбелік күн аралығында ескертіп, 30 (отыз) күнтізбелік күннен артық емес мерзімге ұзартылады;";

      9) көрсетілген қаулымен бекітілген "Бала асырап алуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

      5-тармақтың 4) тармақшасының екінші азат жолы мынадай редакцияда жазылсын:

      "азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізу туралы өтініш 7 (жеті) жұмыс күні ішінде, (құжаттар қабылданған күн мемлекеттік қызмет көрсетудің белгіленген мерзіміне кірмейді), басқа мемлекеттік мекемеге сұраныс беру қажет болған жағдайда көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде хабардар ете отырып, күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;";

      7-тармақтың 4) тармақшасының екінші азат жолы мынадай редакцияда жазылсын:

      "азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізу туралы өтініш 7 (жеті) жұмыс күні ішінде, (құжаттар қабылданған күн мемлекеттік қызмет көрсетудің белгіленген мерзіміне кірмейді), басқа мемлекеттік мекемеге сұраныс беру қажет болған жағдайда белгіленген уақыт 30 күннен аспайтын күнтізбелік күнге ұзартылады, қызмет алушының ескерту қағазымен – 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде";

      10) көрсетілген қаулымен бекітілген "Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық/қағаз түрінде.";

      5-тармақтың 4) тармақшасының алтыншы азат жолы мынадай редакцияда жазылсын:

      "азаматтық хал акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш - 7 (жеті) жұмыс күні (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді), басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;".

      7-тармақтың 4) тармақшасының алтыншы азат жолы мынадай редакцияда жазылсын:

      "азаматтық хал акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш - 7 (жеті) жұмыс күні (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді), басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады";.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды облысының әкімі Е. Қошанов

  Қарағанды облысы
әкімдігінің
2017 жылғы "04"
желтоқсандағы
№ 78/04 қаулысына
қосымша
  Қарағанды облысы
  әкімдігінің 2015 жылғы
  17 қыркүйектегі
  №54/02 қаулысымен
  бекітілген

"Азаматтық хал актілері жазбаларын жою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Азаматтық хал актілері жазбаларын жою" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қарағанды облысы қалалары, аудандарының жергілікті атқарушы органдарымен көрсетіледі.

      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

      азаматтық хал акті жазбасының күшін мүдделі тараптардың өтініші бойынша, сондай-ақ сот шешiмi негiзiнде жойған кезде - азаматтық хал акті жазбасының күшін жою туралы тіркеуші органның жауабы;

      әке болуды анықтау, бала асырап алу (алғашқы қалыптастырылған жеке сәйкестендіру нөмірін қалпына келтірумен), атын, тегін, әкесiнiң атын өзгерту туралы жазбалардың күшін жойған кезде - бастапқы деректер мен қайталама туу туралы куәлік, қажет болған жағдайда, туу туралы анықтама;

      неке бұзу туралы акт жазбасының күшiн жойған кезде - тиісті некені қию туралы куәлік;

      мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, Қарағанды облысының кенттерінің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері;

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша процедураның (әрекет) басталуы үшін негіздеме 2015 жылғы 17 сәуірдегі №219 "Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығымен бекітілген, нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11374 тіркелген. "Азаматтық хал актілері жазбаларын жою" (бұдан әрі – стандарт) Стандартының 9 тармағында қарастырылған қажетті құжаттар және өтініш негіздеме болып табылады.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің құрамына кіретін әр рәсімнің (әрекеті) мазмұны, оны орындау уақытының ұзындығы:

      1) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қызметі көрсетушінің кеңсе маман өтініш пен құжаттар топтамасын қабылдап алады, тапсырылған құжаттарды Стандарттың 9 тармағына сәйкестігін тексереді, көшірмелерді салыстырады, көрсетілетін қызметті алушыға - 20 (жиырма) минут ішінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетілген тіркеу белгісі бар құжатты тапсырады;

      нәтиже - құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетілген тіркеу белгісі;

      2) қызмет көрсетушінің кеңсе маманы 30 (отыз) минут ішінде өтінішті қызмет көрсетушінің басшысына қарауға береді;

      нәтижесі - қызмет берушінің қарауына өтінішті және құжаттар пакетін тапсырады;

      3) қызмет көрсетушінің басшысы 30 (отыз) минут ішінде жауапты орындаушыны белгілейді, орындау үшін қол қояды;

      нәтиже - көрсетілетін қызметті көрсетушінің басшысының бұрыштамасы және жауапты орындаушыға береді;

      4) қызмет көрсетушінің жауапты орындаушысы өтініштің ұсынылған талаптарға сәйкестігін қарайды мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын дайындайды мүдделі тұлғалардың өтініші бойынша – ай (қабылданған күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді), басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу және қосымша зерделеу немесе тексеру қажет болған кезде – көрсетілетін қызметті алушыны қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде хабардар ете отырып, күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;

      сот шешімінің негізінде – күнтізбелік 15 (он бес) күн (қабылданған күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді), басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу және қосымша зерделеу немесе тексеру қажет болған кезде – көрсетілетін қызметті алушы қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап

      күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде хабардар етіле отырып, күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;

      нәтиже - мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын қол қоюға басшыға тапсыру;

      5) көрсетілетін қызмет көрсетушінің басшы шешім қабылайды және 30 (отыз) минут ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасына қол қояды;

      нәтиже - қол қойылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі;

      6) көрсетілетін қызмет көрсетушінің кеңсе маман мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде 20 (жиырма) минутта береді;

      Нәтижесі - азаматтық хал акті жазбасының күшін мүдделі тараптардың өтініші бойынша, сондай-ақ сот шешiмi негiзiнде жойған кезде - азаматтық хал акті жазбасының күшін жою туралы тіркеуші органның жауабы;

      әке болуды анықтау, бала асырап алу (алғашқы қалыптастырылған жеке сәйкестендіру нөмірін қалпына келтірумен), атын, тегін, әкесiнiң атын өзгерту туралы жазбалардың күшін жойған кезде - бастапқы деректермен қайталама туу туралы куәлік, қажет болған жағдайда, туу туралы анықтама;

      неке бұзу туралы акт жазбасының күшiн жойған кезде - тиісті некені қию туралы куәлік;

      мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің тізбесі:

      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;

      көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

      көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.

      7. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:

      1) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қызметі көрсетушінің кеңсе маман өтініш пен құжаттар топтамасын қабылдап алады, тапсырылған құжаттарды Стандарттың 9 тармағына сәйкестігін тексереді, көшірмелерді салыстырады, көрсетілетін қызметті алушыға - 20 (жиырма) минут ішінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетілген тіркеу белгісі бар құжатты тапсырады;

      2) қызмет көрсетушінің кеңсе маманы 30 (отыз) минут ішінде өтінішті қызмет көрсетушінің басшысына қарауға береді;

      3) қызмет көрсетушінің басшысы 30 (отыз) минут ішінде жауапты орындаушыны белгілейді, орындау үшін қол қояды;

      мүдделі тұлғалардың өтініші бойынша, басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу және қосымша зерделеу немесе тексеруді жүргізу қажет болған кезде, қарау мерзімі қызметті алушыны қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап көрсетілетін күнтізбелік 2 (екі) күн ішінде хабардар ете отырып, күнтізбелік 29 (жиырма тоғыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;

      азаматтық хал актілері жазбаларын жою: сот шешімінің негізінде - күнтізбелік 14 (он төрт) күн (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді), басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде, қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны күнтізбелік 2 (екі) күн ішінде хабардар ете отырып, күнтізбелік 29 (жиырма тоғыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;

      4) қызмет көрсетушінің жауапты орындаушысы өтініштің ұсынылған талаптарға сәйкестігін қарайды мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын дайындайды мүдделі тұлғалардың өтініші бойынша – ай (қабылданған күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді), басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу және қосымша зерделеу немесе тексеру қажет болған кезде – көрсетілетін қызметті алушыны қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде хабардар ете отырып, күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;

      сот шешімінің негізінде – күнтізбелік 15 (он бес) күн (қабылданған күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді), басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу және қосымша зерделеу немесе тексеру қажет болған кезде – көрсетілетін қызметті алушы қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде хабардар етіле отырып, күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;

       5) көрсетілетін қызмет көрсетушінің басшы шешім қабылайды және 30 (отыз) минут ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасына қол қояды;

      6) көрсетілетін қызмет көрсетушінің кеңсе маман мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде 20 (жиырма) минутта береді;

      8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында осы Регламенттің қосымшасына сәйкес көрсетіледі.

4. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      9. Мемлекеттік қызмет "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен және "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы арқылы көрсетілмейді.

  "Азаматтық
хал актілері
жазбаларын
жою"
мемлекеттік
көрсетілетін
қызмет
регламентіне
қосымша

"Азаматтық хал актілері жазбаларын жою" мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

     


Шартты белгілер:

     


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады