Облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 27 наурыздағы ХХІІІ сессиясының № 260 "Қарағанды облыстық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облыстық мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы XІІІ сессиясының № 267 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 25 желтоқсанда № 4498 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының негізінде, Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 27 наурыздағы ХХІІІ сессиясының № 260 "Қарағанды облыстық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2610 болып тіркелген, 2014 жылғы 29 сәуірдегі "Орталық Қазақстан" №79 (21713) және "Индустриальная Караганда" №72 (21593) газеттерінде, 2014 жылғы 5 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалысына бақылау жасау облыстық мәслихат аппаратының басшысына (Қ.Қ. Нүркенов) жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Қ. Оспанова
      Облыстық мәслихаттың хатшысы С. Өтешов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады