Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 65-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №19-1/252 бұйрығымен бекітілген Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларының (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 24 маусымда №11434 болып тіркелген) 11-тармағына сәйкес, азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарағанды облыстық мәслихатының 2016 жылғы 19 ақпандағы "Қарағанды облысында ортақ су пайдаланудың қағидалары туралы" № 479 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3707 болып тіркелген, 2016 жылғы 22 наурыздағы "Индустриальная Караганда" № 35-36 (21980-21981), 2016 жылғы 22 наурыздағы № 53-54 (22 159) "Орталық Қазақстан" газеттерінде, 2016 жылғы 25 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) (бұдан әрі – Қағидалар) келесі өзгеріс мен толықтыру енгізілсін:
1) Қағидалардың 12-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"12. Азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында, өңірлік жағдайлардың ерекшеліктерін ескере отырып, Қарағанды облысының аумағында орналасқан су объектілерінде шомылу, ауыз су және тұрмыстық қажеттіліктерге су алу, мал суару, шағын кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу жүзеге асырылмайтын жерлер осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес белгіленсін.";
2) Қағидалар осы шешімге қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарағанды облыстық мәслихатының өнеркәсіп, шағын және орта бизнесті дамыту, аграрлық мәселелер мен экология жөніндегі тұрақты комиссиясына (Ш.А. Осин) жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | К. Оспанова |
Қарағанды облыстық мәслихаттың хатшысы | С. Өтешов |
Қарағанды облысының аумағында орналасқан су объектілерінде шомылу, ауыз су және тұрмыстық қажеттіліктерге су алу, мал суару, шағын кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу жүзеге асырылмайтын жерлер
Рет бойынша № | Су объектісінің атауы | Су объектісінің орналасқан жері (мекенжайы, координаттары және басқалар) | Су объектілеріндегі жерлер | Ортақ су пайдалануды шектеу |
Қарағанды қаласы | ||||
Қазыбек би атындағы ауданы | ||||
1 | "Рубеж" бекеті ауданындағы №2 карьер су айдыны | Қазыбек би атындағы ауданда, "Екатеринбург-Алматы" авто жолының маңында орналасқан ("Сары-Арқа" халықаралық аэропорттың жағына қарай жол айырығының ауданында). Координаттары: 49°42'52.7"N 73°10'25.3"E | Су айдынының бүкіл акваториясы | Шомылу жүзеге асырылмайды |
2 | Көгілдір тоғандар №1 көлі | Қазыбек би атындағы ауданда, Көгілдір тоғандар ықшам ауданында, "Карат" жылқы клубының маңында (Көгілдір тоғандар ықшам ауданы, 2) орналасқан Координаталары: 49°49'13.2"N 73°11'24.4"E | Су айдынының бүкіл акваториясы | Шомылу жүзеге асырылмайды |
3 | Көгілдір тоғандар №2 көлі | Қазыбек би атындағы ауданда, Көгілдір тоғандар ықшам ауданында, "Карат" жылқы клубының маңында (Көгілдір тоғандар ықшам ауданы, 2) орналасқан Координаттары: 49°49'06.6"N 73°10'54.2"E | Су айдынының бүкіл акваториясы | Шомылу жүзеге асырылмайды |
4 | Көгілдір тоғандар №3 көлі | Қазыбек би атындағы ауданда, Көгілдір тоғандар ықшам ауданы. Координаттары: 49°48'45.5"N 73°10'10.0"E | Су айдынының бүкіл акваториясы | Шомылу жүзеге асырылмайды |
5 | Көгілдір тоғандар №4 көлі | Қазыбек би атындағы ауданда, Көгілдір тоғандар ықшам ауданы. Координаттары: 49°48'26.6"N 73°09'48.1"E | Су айдынының бүкіл акваториясы | Шомылу жүзеге асырылмайды |
6 | Үлкен Буқпа өзені бойындағы 22 шахтаның тұндырғышы (1 су айдыны) | Қазыбек би атындағы ауданның солтүстік бөлігінде, Бұқар жырау даңғылының Саран тас жолымен қиылысқан аумағында орналасқан. Координаттары: 49°49'39.6"N 73°04'34.1"E | Су айдынының бүкіл акваториясы | Шомылу жүзеге асырылмайды |
7 | Үлкен Буқпа өзені бойындағы 22 шахтаның тұндырғышы (2 су айдыны) | Октябрь ауданының оңтүстік-батыс бөлігінде, Бұқар жырау даңғылының Саран тас жолымен қиылысқан аумағында, "УГХ GazOil" ЖШС АГҚС жанында (112 есептік кварталы, 117 құрылыс) орналасқан. Координаттары: 49°49'54.7"N 73°04'22.0"E | Су айдынының бүкіл акваториясы | Шомылу жүзеге асырылмайды |
Октябрь ауданы | ||||
8 | 7 магистраль ауданындағы су айдыны (Терешкова көшесімен Т-бейнелі қиылыс) | Октябрь ауданының оңтүстік бөлігінде, Терешкова көшесі мен 7 магистралінің қиылысқан аумағында орналасқан. Координаттары: 49°49'39.0"N 73°07'48.9"E | Су айдынының бүкіл акваториясы | Шомылу жүзеге асырылмайды |
9 | 15 магистральдағы, "ГазОйлПром" автожанармай құю станцияcы ауданындағы су айдыны | Октябрь ауданының оңтүстік-батыс бөлігінде, "ГазОйлПром" автожанармай құю станцияcы маңында (108 есептік кварталы, 1 құрылыс) орналасқан. Координаттары: 49°50'48.4"N 73°03'11.4"E | Су айдынының бүкіл акваториясы | Шомылу жүзеге асырылмайды |
10 | Сұрыптау елді мекенінің бұрынғы темір бетон бұйымдары зауытының аумағындағы су қоймасы (1 су айдыны) | Октябрь ауданының солтүстік бөлігінде, Цементная көшесінің тұрғын үйлерінің артында орналасқан. Координаттары: 49°56'02.5"N 73°08'56.4"E | Су айдынының бүкіл акваториясы | Шомылу жүзеге асырылмайды |
11 | Сұрыптау елді мекенінің бұрынғы темір бетон бұйымдары зауытының аумағындағы су қоймасы (2 су айдыны) | Октябрь ауданының солтүстік бөлігінде, Цементная көшесінің тұрғын үйлерінің артында орналасқан. Координаттары: 49°56'01.6"N 73°08'47.7"E | Су айдынының бүкіл акваториясы | Шомылу жүзеге асырылмайды |
12 | "Қарағанды Су" ЖШС тазалау имараттары ауданындағы су айдыны | Октябрь ауданының шығыс бөлігінде, Павлодар қаласының бағытындағы жол торабының аумағында, "Қарағанды Су" ЖШС сумен қамтамасыз ету және тазалау қызметінің маңында (ЖЭС-3 аумағында Солтүстік өнеркәсіптік зонасы) орналасқан. Координаттары: 49°55'39.6"N 73°14'09.5"E | Су айдынының бүкіл акваториясы | Шомылу жүзеге асырылмайды |
13 | Нан-макарон комбинаты өтпежол жанындағы су айдыны | Октябрь ауданында, нан-макарон комбинаты өтпежол аумағындағы, "Евротехсервис К" ЖШС ССО (Старт тұйық көшесі, 62) маңында орналасқан. Координаттары: 49°48'53.6"N 73°09'01.1"E | Су айдынының бүкіл акваториясы | Шомылу жүзеге асырылмайды |
14 | Горбачев атындағы шахтаның тұндырғышы | Октябрь ауданында, Горбачев атындағы шахтаның маңында, Глинка көшесінің №75 тұрғын үйінің артында орналасқан. Координаттары: 49°51'36.4"N 73°04'59.3"E | Су айдынының бүкіл акваториясы | Шомылу жүзеге асырылмайды |
15 | Майқұдық шахтасының шахта тұндырғышы | Октябрь ауданында, бұрынғы "Майқұдық" шахтасының аумағында орналасқан. Координаттары: 49°52'09.4"N 73°09'53.8"E | Су айдынының бүкіл акваториясы | Шомылу жүзеге асырылмайды |
Приозерск қаласы | ||||
1 | №2 қалалық тоғаны | Приозерск қаласы Балқаш көлі жағалауында орналасқан. Координаттары: 49˚57ˊ44,3˝N73˚04ˊ12.5˝E | Абай көшесінің солтүстік-шығыс жағы, 2А үйі, ұзындығы 200 метр жерде судың астында сорғыш сораптар бар | Шомылу жүзеге асырылмайды |
2 |
"Қаланың алғашқы құрылысшылары" | Приозерск қаласы Балқаш көлі жағалауында орналасқан. Координаттары: 49˚57ˊ44,3˝N73˚04ˊ12.7˝E | Приозерная көшесінің солтүстік жағы, ұзындығы 490 метр | Шомылу жүзеге асырылмайды |