Қарағанды облысының аумағында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облыстық мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы ХIII сессиясының № 264 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 3 қаңтарда № 4534 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облыстық мәслихатының 2022 жылғы 8 желтоқсандағы № 277 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облыстық мәслихатының 08.12.2022 № 277 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 408-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабы 2 тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-2 тармағына сәйкес, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының ұсыныстары негізінде, Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Осы шешімге қоса беріліп отырған Қарағанды облысының аумағында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың өнеркәсіп, шағын және орта бизнесті дамыту, аграрлық мәселелер және экология жөніндегі тұрақты комиссиясына (Ш.А. Осин) жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихаттың сессия төрағасы Қ. Оспанова
      Облыстық мәслихаттың хатшысы С. Өтешов

  Қарағанды облыстық мәслихатының
2017 жылғы "12" желтоқсандағы
XIII сессиясының
№ 264 шешімімен
бекітілген

Қарағанды облысының аумағында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидалары

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Қарағанды облысының аумағында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңына сәйкес әзірленді.

      2. Осы Қағидалар Қарағанды облысының аумағында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулаудың және жоюдың тәртібін анықтайды.

      3. Осы Қағидалар меншік нысандарына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.

      4. Осы Қағидаларда мынадай негізгі түсініктер пайдаланылады:

      1) арнайы қондырғы – орнату үшін кәдеге жарату (өртеу) биологиялық қалдықтарды (инсинератор, крематор, өлексе жағатын пеш және көзделген басқа да мақсаттар үшін қондырғылар);

      2) биостерилизациялау – жануарларды тұқымдану қабілетінен (репродуктивті қабілетінен) хирургиялық жолмен айыру;

      3) жануарларды эвтаназиялау – жануарларды өлер алдында қинамау үшін, оларды ізгілік әдістермен жансыздандыру;

      4) қоғамдық орын – халықтың пайдалануына, сондай-ақ жаппай іс-шаралар, азаматтарға қызмет көрсету және демалысын өткізуге арналған, қала мен елдімекендердің шегінде немесе олардан тыс арнайы жабдықталған жаппай тұтыну орындары.

      Қоғамдық орындарға:

      білім беру және демалу ұйымдары;

      денсаулық сақтау ұйымдары;

      қоғамдық тамақтану пунктері;

      кинотеатрлар, театрлар, цирктер, концерт, қарау және көрме залдары, спорт ареналары және жаппай демалысқа арналған басқа жабық құрылыстар, соның ішінде түнгі клубтар және дискотекалар;

      мұражайлар, кітапханалар және дәрісханалар;

      жергілікті және алыс қатынастағы пойыздар, әуе, теңіз және өзен көлігі кемелері, қалалық, қалааралық автобустардың, бағдарлы таксилердің және қалалық электр көлігінің салоны;

      әуежайлар, теміржол, автомобиль және су вокзалдарының ғимараттары, теміржол вокзалдарының перрондары және метрополитендер;

      рұқсатнама режимін пайдаланбайтын мемлекеттік органдар мен ұйымдардың орынжайлары;

      бұзақылық жасаған жағдайда еңбек етушілер ұжымы пайдаланатын, рұқсатнама режімі бар объектілердегі жұмыс орны болып табылатын орынжайлар;

      үйлердің кіреберістері жатады.

      Қоғамдық орындар мыналарға бөлінеді:

      тұрақты (кез келген уақытта қолжетімді орындар: көшелер, тұйық көшелер, гүлзарлар, жолжелектер, жағалаулар, алаңдар, вокзалдар, аулалар (жеке үйлердің аулаларынан басқа));

      мерзімді (халыққа белгілі бір уақытта қызмет көрсетуге және демалуына арналған орынжайлар: базарлар, білім беру және емдеу-сауықтыру мекемелері, демалыс аймақтары, мәдени, сауықтыру, спорт мекемелері, қоғамдық көлік, сауда кәсіпорындары, жолаушылар пойыздарының вагондары (тамбурлардан басқа), сондай-ақ вагон-мейрамхана, тәуліктің түнгі уақытындағы жолаушылар купесі және дәретхана);

      5) пневматикалық қару – нысананы зақымдайтын құралы сығылған, сұйытылған немесе қатайтылған газдың қуаты есебiнен бағытты қозғалыс алатын қару;

      6) үй жануарлары – иттер, мысықтар және ұзақ тарихи кезең бойы дәстүрлі түрде адам көмегімен өсірілетін және бағылатын басқа да жануарлар, сонымен қатар адамның эстетикалық мұқтажын қанағаттандыру үшін жасанды жолмен өсіріп шығарған және жабайы популяциясы жоқ өмірге қабілетті, жеке морфологиялық белгілері ұқсас өзгешеліктері бар және ұзақ уақыт бойы табиғи ареалда өмір сүретін жануарлардың түрлері мен тұқымдары.

2 тарау. Қанғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою

      5. Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңның 11-бабының 4 тармағына сәйкес жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар (бұдан әрі – Ұйым) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды жүзеге асырады.

      6. Қаңғыбас иттер мен мысықтардың санын реттеу Ұйымның арнайы бригадасымен аулау арқылы жүргізіледі.

      7. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау жұмысына медициналық тексеруден өткен, құтыруға қарсы егу жасалған, жүйке аурулары және наркологиялық диспансерлерде тіркелмеген тұлғалар жіберіледі. Аулау бригадасы Ұйымның эмблемасы бар жеке қорғану құралдарымен және арнайы киіммен жабдықталады.

      8. Қанғыбас иттер мен мысықтарды аулау, облыстың жергілікті атқарушы органымен келісіліп Ұйым басшысымен бекітілген кестесі бойынша, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың өтініштері арқылы жүзеге асырылады. Өтініштер журналда міндетті түрде тіркеліп, мыналар көрсетіледі:

      1) аулау себебі;

      2) өтініш беруші туралы мәліметтер (азаматтың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), заңды тұлғаның атауы, өкілдің толық атауы, мекен-жайы, байланыс телефоны);

      3) жануардың түрі;

      4) жануардың мекендеу ортасы (мекен-жайы және мекен-жайының толық сипаттамасы);

      5) жануардың сипаттамасы;

      6) аулаудың себебі туралы ақпарат (қауып алу, қозғалмай агрессия).

      9. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау қызметін іске асыру кезінде Ұйым мамандарының куәліктері болуы тиіс, олар азаматтардың талабы бойынша көрсетіледі.

      10. Рұқсат етілген аулау құралдарына: Қазақстан Республикасының аумағында рұқсат етілген күрмек, пневматикалық қару, жансыздандыратын, арнайы сертификаты бар дәрі-дәрмектер қолдануымен (жануардың салмағына қарай дозалау), тор мен қақпан және аулау кезінде ит пен мысықтың өліміне әкеп соқпайтын өзге де құралдар мен керек-жарақтар жатады.

      11. Аулауға, иелері ғимараттардың жанында байлауда қалдырып кеткен иттер мен мысықтардан басқа, қоғамдық орындарда иесіз жүрген қаңғыбас иттер мен мысықтар жатады. Жеке меншік аумағында иттер мен мысықтарды аулауға, сондай-ақ байлауда қалдырып кеткендерді аулауға жол берілмейді.

      12. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау аумақтарда тұратын тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделері, адамгершілік қағидаттар сақтала отырып, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ұйымдастырылады және өткізіледі.

      13. Иттер мен мысықтардың өлігін жою биологиялық қалдықтарды кәдеге жаратуға (өртеуге) арналған (инсенератор, крематор, өлекселерді өртейтін пеш және осы мақсат үшін қарастырылған басқа да қондырғылар) қондырғыларда жүзеге асырылады.

      14. Иттер мен мысықтардың өліктерін (қалдықтарын) тастауға, сондай-ақ мал қорымдарынан тыс жерлерге заңсыз кәдеге жарату жол берілмейді. Өлген жағдайда иттер мен мысықтардың өлі денелері (қалдықтары) Ұйымға тапсырылады.

      15. Дені сау қаңғыбас иттер мен мысықтарға тиісті клиникалық жағдайда биостерилизациялау жасалады.

3 тарау. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды тасымалдау

      16. Ауланған қаңғыбас иттер мен мысықтарды тасымалдау техникалық жөнделген, Кәсіпорынның арнайы символикасы және телефон нөмірі бар металл торлармен арнайы жабдықталған автокөлікте (бұдан әрі – Арнайы автокөлік) жүзеге асырылуы тиіс.

      17. Ауланған қаңғыбас иттер мен мысықтарды тасымалдау олардың мертігуін болдырмайтын немесе денсаулығына басқа да зиян келтірмейтін әдістермен жүргізіледі.

4 тарау. Ауланған жануарларды қайтару және (немесе) беру тәртібі

      18. Ауланған қаңғыбас иттер мен мысықтар, жергілікті атқарушы органдарымен, жануарлардың құқықтарын қорғаушылар ұйымдарымен, қоғамдық бірлестіктермен, жеке және заңды тұлғалардың ұйымдарымен көзделген уақытша ұстау үй-жайларында немесе оқшаулағыштарында ұсталады, олардың тиесілігін анықтағанға дейін. Талап етілмеген иттер мен мысықтар Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес эвтаназиялауға жатады.

      19. Ұйым қызметкерлері ұсталған жануарларды жаңа меншік иелеріне үшінші тұлғаның жануарлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оған тиісті күтім жасау туралы келісімшарт жасасқан жағдайда ғана береді.

      20. Ұсталған жануарларды қайтару және (немесе) беру туралы Ұйымға өтініш берген кезде, иелер немесе өтініш беруші:

      1) жеке куәлік;

      2) ит пен (немесе) мысықтың ветеринариялық паспорты (бар болса) және (немесе) иесі бар фотосурет;

      3) жануарларды жануарларды қорғау жөніндегі ұйымдарға, қоғамдық бірлестіктерге, жеке және заңды тұлғалардың ұйымдарына беру кезінде тіркеу туралы куәлiк және келісімшартқа қол қою түпнұсқа сенімхаты беріледі.

5 тарау. Қорытынды ережелер

      21. Аулауды жүргізу кезінде Ұйым қызметкерлеріне жол берілмейді:

      1) ауланған иттер мен мысықтарды иеленуге және оларды басқа тұлғаларға беруге;

      2) жануарларды қимылсыз қалдыру үшін фармокологиялық дәрі-дәрмекпен оқталған пневматикалық қаруды 10 метрден астам қашықтықта қолдануға;

      3) аулау кәмелет жасқа толмаған балалардың көзінше, қаңғырған иттер мен мысықтардың қылығы адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген жағдайдан басқа кезде.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады