Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарағанды қалалық мәслихатының IV шақырылған ХVІ сессиясының 2008 жылғы 24 желтоқсандағы № 172 "Қарағанды қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жүруге әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-1-84 болып тіркелген, 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 134 (463) "Взгляд на события" газетінде жарияланған), сондай-ақ қосымшаға сәйкес шешімдер күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарағанды қалалық мәслихаты аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | С. Боранқұлова |
Қалалық мәслихат хатшысы | Қ. Бексұлтанов |
Қарағанды қалалық мәслихатының 2017 жылғы 21 мамырдағы XIV сессиясының № 171 шешіміне қосымша |
Күші жойылды деп тануға жататын Қарағанды қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Қарағанды қалалық мәслихатының IV шақырылған XXVIII сессиясының 2009 жылғы 23 желтоқсандағы № 300 "IV шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2008 жылғы 24 желтоқсандағы ХVІ сессиясының "Қарағанды қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жүруге әлеуметтік көмек көрсету туралы" № 172 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-1-108 болып тіркелген, 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 140 (604) "Взгляд на события" газетінде жарияланған).
2. Қарағанды қалалық мәслихатының IV шақырылған XLIII сессиясының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы № 440 "IV шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2008 жылғы 24 желтоқсандағы ХVІ сессиясының "Қарағанды қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жүруге әлеуметтік көмек көрсету туралы" № 172 шешіміне өзгертулер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-1-122 болып тіркелген, 2010 жылғы 29 желтоқсандағы № 147 (751) "Взгляд на события" газетінде жарияланған).
3. "Қарағанды қалалық мәслихатының шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қарағанды қалалық мәслихатының V шақырылған II сессиясының 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 31 шешімінің 1-тармағының 1)-тармақшасы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-1-155 болып тіркелген, 2012 жылғы 24 мамырдағы №064 (970) "Взгляд на события" газетінде жарияланған).