Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды қалалық мәслихатының 21.06.2017 № 171 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабы 1 тармағы 4 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20 бабына сәйкес, Қарағанды қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Ескерту. Кіріспеге өзгерістер енгізілді - Қарағанды қалалық мәслихатының 2010.12.23 N 440 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2012.04.16 N 31 (алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімдерімен.1. 2009 жылдың 1 қаңтарынан қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жүруге азаматтардың келесі санаттары әлеуметтік көмекпен қамтамасыз етілсін:
1) зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері он сегіз жарым айлық есептік көрсеткіштен аспайтын зейнетақы мен жәрдемақы алушылар;
2) зейнетақы мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алмайтын, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар ретінде арнайы мемлекеттік жәрдемақы алушылар;
3) бала кезінен, еңбектік зақымдануға, жалпы және кәсіптік сырқатқа байланысты мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар;
4) қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасы ретінде арнайы мемлекеттік жәрдемақы алушылар.
Ескерту. 1 тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды қалалық мәслихатының 2009.12.23 N 300 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3 тармақтан қараңыз); 2010.12.23 N 440 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.2. Бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қалалық қоғамдық көліктерде жүруге ай сайынғы әлеуметтік көмек тағайындалсын.
3. Уәкілетті орган "Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім):
1) Бөлім тізімдеріндегі жеке шоттарға жоғарыда көрсетілген санаттар бойынша жүруге ай сайынғы әлеуметтік көмекті тағайындауды және төлеуді қамтамасыз етсін, ал бөлім тізімінде тұрмаған, бірақ әлеуметтік көмек алуға құқығы бар тұлғалар жоғарыда көрсетілген санаттардың қайсыбіріне жататынын растайтын құжаттарға және 190 формадағы банк тапсырмасына сәйкес банк операцияларын жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдарда ашылған зейнетақы мен жәрдемақы алушының жеке шотын көрсетумен өтініш білдіреді;
2) азаматтардың жеке шоттарына әлеуметтік көмек сомаларын есепке алу және оларды 190 формадағы банк тапсырмасына сәйкес шығынға шығару бойынша банк операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдармен агенттік келісім жасассын;
3) жолақы құжаттарын беру ведомостары бойынша құрастырылған тасымалдаушылармен тексеру актісінің негізінде азаматтардың әлеуметтік көмек төлеуге ай сайынғы қажеттілігін қалыптастырсын;
4) ақшалай қаражатты шығынға жазуды тоқтату және оларды бөлім шотына қайтару үшін жолақыға әлеуметтік көмек алушылар арасындағы қайтыс болғандар, шығып кеткендер мен құқығынан айырылғандардың тізімін банк операцияларын жүзеге асыруға тиісті лицензиялары бар ұйымдарға ай сайын беруді қамтамасыз етсін;
5) 007 "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек" бағдарламасы бойынша қарастырылған қаржы есебінен ай сайынғы әлеуметтік көмек шығындарын қаржыландыру жүргізілсін.
4. ІІІ шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2006 жылғы 14 наурыздағы ХХVІІІ сессиясының "Қарағанды қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көліктердерде (таксиден басқа) жүруге әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 4 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген N 8-1-25, 2006 жылғы 5 сәуірдегі N 13 (129) "Взгляд на события" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау еңбек, әлеуметтік саланы дамыту және халықты әлеуметтік қорғау бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін (төрағасы Мұқтаров Жанділ Ахуанұлы).
Ескерту. 5 тармаққа өзгеріс енгізілді - Қарағанды қалалық мәслихатының 2012.04.16 N 31 (алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.6. Осы шешім 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
IV шақырылған Қарағанды | |
қалалық мәслихаттың кезекті | |
ХVI сессиясының төрағасы | В. Долинский |
Қарағанды қалалық мәслихат хатшысы | Қ. Бексұлтанов |
Келісілді: | |
"Қарағанды қаласының | |
жұмыспен қамту және әлеуметтік | |
бағдарламалар бөлімі" | |
мемлекеттік мекемесінің бастығы | М. Құсаинова |