Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының 8, 27 баптарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, көшпелі саудаға арналған орындарды анықтау мақсатында Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес Қарағанды қаласының аумағында көшпелі саудаға арналған орындар анықталсын.
2. Қарағанды қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 25 мамырдағы № 21/10 "Қарағанды қаласында көшпелі сауданы іске асыруға арналған орындарды анықтау туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3847 болып тіркелген, 2016 жылы 14 маусымда "Индустриальная Караганда" № 74 (22019), "Орталық Қазақстан" № 94 (22 199) газеттерінде, 2016 жылы 17 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Н. Әубәкіров |
Қарағанды қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 25 тамыздағы № 37/01 қаулысына қосымша |
Қарағанды қаласының аумағында көшпелі саудаға арналған орындар
1. Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданының аумағында:
1) Бұқар жырау даңғылы (№ 74 үйінің бұрышында);
2) Нүркен Әбдіров даңғылы (№ 26 үйінің алдында);
3) Құрылысшылар даңғылы, 6, (жол бойындағы саяжол);
4) Гоголь көшесі (№ 57 үйіне қарама-қарсы);
5) Ержанов көшесі (№ 46 үйінің бүйір жағында);
6) "Степной – 3" шағын ауданы (№ 8 үйінің алдында);
7) Бұқар жырау даңғылы (№ 11 үйінің алдында);
8) Федоровка су қоймасы маңайында ("Машинажасау" саяжай қоғамдастығы аялдамасы жанында);
9) Прогресс көшесі (№ 29 үйінің бүйір жағында).
2. Қарағанды қаласының Октябрь ауданының аумағында:
1) Көгілдір тоғандар шағын ауданы (№ 17 үйінің алдында);
2) 18 шағын ауданы (№ 12 үйінің бұрышында);
3) 17 шағын ауданы (№ 41 үйінің бұрышында);
4) 15 шағын аудан (№ 25 үй маңында);
5) 23 шағын аудан (№ 11 үйінің алдында);
6) 22 шағын аудан (№ 19/3 ғимаратының бүйір жағында);
7) Мануильский көшесі (№ 19 үйінің алдында);
8) "Оптимист-2" саяжай қоғамдастығы аялдамасы жанында.