Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 19 бабына сәйкес, Жезқазған қалалық мәслихатының 2017 жылғы 28 ақпандағы № 8/87 "Жезқазған қаласының қала ішіндегі бағдарларына тұрақты автомобилькөлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдауға тарифті келісу туралы" шешімінің негізінде Жезқазған қаласының әкiмдiгі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жезқазған қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифі 60 (алпыс) теңге мөлшерінде белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Н.С. Орынбаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жезқазған қаласының әкімі | Б.Ахметов |
КЕЛІСІЛДІ
Жезқазған қалалық мәслихатының хатшысы |
С.Медебаев |
15 мамыр 2017 жыл