Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қаласының әкімдігінің 26.11.2019 № 37/01 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына сәйкес, Жезқазған қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Меншік түріне және меншіктің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына қарамастан ұйымдарда жұмыс орындары квотасы белгіленсін:
1) осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес ата-анасынан айырылған немесе ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын азаматтар үшін қызметкерлердің тізімдік санынан бір пайыз көлемде;
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары З.Д. Акилбековаға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жезқазған қаласының әкімі | Б. Ахметов |
Жезқазған қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 21 тамыздағы № 19/03 қаулысына 1 қосымша |
Ата-анасынан айырылған немесе ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын азаматтарғажұмыс орындары квотасы
№ |
Ұйымныңатауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квотаның көлемі(% жұмыскерлердің тізімдік санынан) | Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының саны |
1 | "Қарағанды облысы Жезқазған қаласының қарттар мен мүгедектерінің медициналық-әлеуметтік мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 95 | 1 | 1 |
2 | "Жезқазған қаласының білім бөлімінің №13 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 96 | 1 | 1 |
3 | "Жезқазған қаласының білім бөлімінің Қаныш Имантайұлы Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицейі" | 100 | 1 | 1 |
4 | "Жезқазған қаласының білім бөлімінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 130 | 1 | 1 |
5 | "Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті" акционерлік қоғамы | 270 | 1 | 3 |
Жезқазған қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 21 тамыздағы № 19/03 қаулысына 2 қосымша |
Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде жұмыс орындары квотасы
№ |
Ұйымныңатауы | Жұмыскерлердіңтізімдік саны | Квотаның көлемі(% жұмыскерлердің тізімдік санынан) | Мүгедектер үшін жұмыс орындарының саны |
1 | "Қарағанды облысы Жезқазған қаласының қарттар мен мүгедектерінің медициналық-әлеуметтік мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 95 | 2 | 2 |
2 | Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі "Бексеитова Н.А." | 113 | 3 | 3 |
3 | Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі "Макенбаева" | 102 | 3 | 2 |
4 | "Жезқазған қаласының білім бөлімі" мемлекетік мекемесінің №13 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 96 | 2 | 2 |
5 | Жеке кәсіпкер "Даулетбаева" | 52 | 2 | 1 |
6 | "Жезқазған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Қаныш Имантайұлы Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 100 | 2 | 2 |