Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қаражал қалалық мәслихатының 29.07.2020 № 421 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қаражал қалалық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы XXVIII сессиясының № 216 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қаражал қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбегін айқындау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізімінде 2593 нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 26 сәуірде № 18 "Қазыналы өңір" газетінде, 2014 жылғы 11 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қаражал қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбегін айқындау қағидаларында:
27-2 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"27-2. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушысының 2017 жылғы 17 наурыздағы № 37 "Өрлеу" жобасына қатысуға арналған құжаттар нысандарын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15016 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген нысандарға сәйкес жасалады.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
XVІ сессияның төрағасы, қалалық мәслихаттың хатшысы |
З. Оспанова |