Шахтинск қалалық мәслихатының 2012 жылғы 6 сәуірдегі III сессиясының № 789/3 "Тіркелген жиынтық салықтың бірыңғай ставкаларын белгілеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 2017 жылғы 10 шілдедегі VI шақырылған XIV сессиясының № 1414/14 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 11 тамызда № 4338 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 2018 жылғы 10 мамырдағы № 1515/21 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 10.05.2018 № 1515/21 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Шахтинск қалалық мәслихатының 2012 жылғы 6 сәуірдегі III сессиясының № 789/3 "Тіркелген жиынтық салықтың бірыңғай ставкаларын белгілеу туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-8-110 тіркелген, 2012 жылғы 25 мамырда № 21 "Шахтинский вестник" газетінде жарияланған), келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімге қосымша осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы М. Алтыбаев
      Мәслихат хатшысы Ж. Мамерханова

  Қалалық мәслихаттың
2017 жылғы 10 шілдедегі
XIV сессиясының
№ 1414/14 шешiмiне
қосымша
  Қалалық мәслихаттың
2012 жылғы 6 сәуірдегі
III сессиясының
№ 789/3 шешіміне
қосымша

Шахтинск қаласында және маңындағы кенттерде қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаларға және жеке кәсіпкерлерге арналған тіркелген жиынтық салықтың бірыңғай ставкаларының мөлшері

Салық салу объектісінің атауы

Бiр объектiге тiркелген салықтың ставкасы, бiр айлық есептеу көрсеткiшiнде бiр айға

1.

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

2

2.

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

3

3.

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

1

4.

Ойын жолы

17

5.

Карт

6

6.

Бильярд үстелі

5


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады