Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің 16.04.2019 № 1 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабының 1-тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабы және 50-бабының 2-тармағы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" қаулысына сәйкес, аудан әкімі ШЕШТІ:
1. Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының аумағындағы Шешенқара, Көкпекті, Петровка, Үштөбе, Ростов, Самарканд, Гагарин, Ақтөбе, Қаражар, Қызылқайың ауылдық округтерінде, Тұзды ауылдық округінде, Жаңаталап ауылында, Ботақара және Ғабиден Мұстафин кенттерінде табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Бұқар жырау ауданы әкімінің орынбасары Сапар Каиркенович Сатаев тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Н. Кобжанов |