Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 25/03 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 10 шілдеде № 4299 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 20/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 31.03.2021 № 20/01 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік дамыту министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 болып тіркелген) сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындарының тізім мөлшерінен екіден төрт пайызға дейінгі мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Руслан Есенбекович Нурмуханбетовқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Н. Кобжанов

  Бұқар жырау ауданы
әкімдігінің 2017 жылғы
26 маусымындағы
№ 25/03 қаулысына
қосымша

Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін ұйымдардың тізімі

Ұйымдардың атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квотаның көлемі (% жұмыскерлердің тізімдік санынан)

Мүгедектер үшін жұмыс орындарының саны

1

Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының "Бұқар жырау ауданының орталық аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны

669

4

27

2

Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы әкімдігінің "Бұқар жырау ауданының білім бөлімі "Қ. Сәтбаев атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

70

2

1

3

Бұқар жырау ауданы әкімдігі Бұқар жырау аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі "Бұқар жырау аудандық мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

318

4

13

4

"Бұқар жырау ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" мемлекеттік мекемесі

161

3

5

5

Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы әкімдігінің "Бұқар жырау ауданының білім бөлімінің "Ростовка тірек мектебі (ресурстық орталық)" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

125

3

4

6

Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы әкімдігінің "Бұқар жырау ауданының білім бөлімі "Ю. Гагарин атындағы жалпы білім беру орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

125

3

4

7

Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы әкімдігінің "Бұқар жырау ауданының білім бөлімі "Березняк жалпы білім беру орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

75

2

1

8

Бұқар жырау ауданы әкімдігінің "Бұқар жырау аудандық ветеринариялық станциясы" шаруашылық жүргізу құығындағы коммуналдық мемлекеттік кәспорыны

124

3

4

9

Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы әкімдігінің "Бұқар жырау ауданының білім бөлімі "Кузнецкий жалпы білім беру орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

57

2

1

10

Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы әкімдігінің "Бұқар жырау ауданының білім бөлімі "Елтай жалпы білім беру орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

87

2

2

11

"ПКФ Медео" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

115

3

3

12

Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы әкімдігінің "Бұқар жырау ауданының білім бөлімі "Шешенқара жалпы білім беру орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

52

2

1

13

Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы әкімдігінің "Бұқар жырау ауданының білім бөлімі "Калинин жалпы білім беру орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

63

2

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады