Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 31.03.2021 № 20/01 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9 бабының 9) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының тізімдік санының бір пайыз мөлшерінде қосымшаға сәйкес жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Руслан Есенбекович Нурмуханбетовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Н. Кобжанов |
Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 26 маусымындағы № 25/04 қаулысына қосымша |
Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының квотасы
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам) | Квоталанған жұмыс орындар саны (бірлік) |
1 | Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының "Бұқар жырау ауданының орталық аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны | 669 | 7 |
2 | Бұқар жырау ауданы әкімдігі Бұқар жырау аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі "Бұқар жырау аудандық мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны | 318 | 3 |