Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 4 сәуірдегі № 23/02 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 18 сәуірде № 4219 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 27 қазандағы № 106/05 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 27.10.2017 № 106/05 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Жаңаарқа ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жаңаарқа ауданының ұйымдарында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін осы қаулының қосымшасына сәйкес жұмыс орындарының бір пайызы мөлшерінде квота белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қанат Шұбайұлы Қожықаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Г. Омаров

  Жаңаарқа ауданы әкімдігінің
2017 жылғы 4 сәуірдегі
№23/02 қаулысына қосымша

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін ұйымдардың тізімі

Ұйымның атауы

Қызметкерлердің тізімдік саны
(адам)

Квотаның көлемі (% қызметкерлердің тізімдік санынан)

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының саны
(адам)

1.

Жаңаарқа ауданының "Аудандық орталық аурухана" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны

289

1

3

2.

"Тазасу" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны

83

1

1

3.

"Жаңаарқа-жылу" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны

173
 

1

2

4.

"Жеңіс" асыл тұқымды зауыты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

91

1

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады