Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 29.03.2018 ХXV сессиясының № VI-25/222 (оның алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсанындағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексіне сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарқаралы ауданында 2018 жылға арналған салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салық ставкаларының мөлшерлері, осы шешімге қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Р. Смагулов |
Аудандық мәслихат хатшысы | С. Нуркенов |
Қарқаралы аудандық мәслихатының 2017 жылғы " 21 " желтоқсандағы № VI – 21/181 шешіміне қосымша |
Қарқаралы ауданында 2018 жылға арналған салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салық ставкаларының мөлшерлері
№ р/н | Салық салу объектісінің атауы | Айына тiркелген салық ставкаларының мөлшерлерi (айлық есептiк көрсеткiштер) |
1 | Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы | 5 |
2 | Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 7 |
3 | Ойын өткізу үшін пайдаланатын дербес компьютер | 4 |
4 | Ойын жолы | 7 |
5 | Карт | 5 |
6 | Бильярд үстелі | 3 |