2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімдігінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 09/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 19 мамырда № 4259 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Нұра ауданы бойынша 2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандығы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Н. Омарханов

  Нұра ауданы әкімдігінің
2017 жылғы 02 мамырдағы
№ 09/01 қаулысына қосымша

2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының түрі

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілердің саны

Мектепке дейінгі ұйымдардағы жан басына шаққандағы бір айға қаржыландыру мөлшері (теңге)

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдардағы ата-аналардың бір айға ақы төлеу мөлшері (теңге)

Бір тәрбиеленушіге бір айға жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге)

мемлекеттік

мемлекеттік

мемлекеттік

мемлекеттік

1

Балабақша

215

28604

3 жасқа дейін 9200
3 жастан 6 жасқа дейін 9500

28604

2

Мектепке дейінгі шағын орталық

281

9191

3 жастан 6 жасқа дейін 6600

9191


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады