2018 жылы тіркеуді ұйымдастыру туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімінің 2017 жылғы 14 желтоқсандағы № 10 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 28 желтоқсанда № 4509 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабы 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Занының 16 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 қаңтардағы № 28 "Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, аудан әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. 2018 жылдың 1 сәуіріне дейін, Нұра ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 2001 жылы туған ер азаматтарды тіркеу ұйымдастырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Д. Тұраровқа жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Н. Омарханов

      КЕЛІСІЛДІ

      Нұра ауданы Қорғаныс істері жөніндегі
      бөлімінің бастығы
      ______________ А.А. Шаймерденов

      2017 жыл "___" _____________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады