Пржевальское ауылдық округінің аумағында шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Нұра ауданы Пржевальское ауылының әкімінің 2017 жылғы 27 қыркүйектегі № 2 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 10 қазанда № 4371 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңына сәйкес, Прежевальское ауылының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Ірі қара малдың арасынан бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитарлық іс-шараларды жүргізумен байланысты, Пржевальское ауылдық округінің аумағында шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Пржевальское ауылы әкімінің 2016 жылғы 11 мамырдағы № 1 "Пржевал ауылдық округінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3801 болып тіркелген, 2016 жылғы 21 мамырдағы № 20 (5456) "Нұра" газетінде, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылдың 8 маусымында жарияланған), күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауыл әкімінің
міндеттерін атқарушысы
Е. Абаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады