Пржевал ауылдық округінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Нұра ауданы Пржевальское ауылының әкімінің 2016 жылғы 11 мамырдағы № 1 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 20 мамырда № 3801 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра ауданы Пржевальское ауылының әкімінің 2017 жылғы 27 қыркүйектегі № 2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра ауданы Пржевальское ауылының әкімінің 27.09.2017 № 2 (оның алғаш ресми жарияланған күніннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Прежевальское ауылы әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Ірі қара малдың арасынан бруцеллез анықталғанына байланысты, Пржевал ауылдық округінің аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзімі қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күніннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауыл әкімі Б. Билялов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады