Көшелерді қайта атау туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Нұра ауданы Ахмет ауылының әкімінің 2017 жылғы 26 қазандағы № 3 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 3 қарашада № 4433 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңына және Қарағанды облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 4 шілдедегі қорытындысына сәйкес, Нұра ауданы Ахмет ауылының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Нұра ауданы Ахмет ауылының көшелері:

      1) Гагарин көшесі Ғарышкерлер көшесіне;

      2) Лермонтов көшесі Достық көшесіне;

      3) Механизатор көшесі Бірлік көшесіне;

      4) Мира көшесі Бейбітшілік көшесіне;

      5) Молодежная көшесі Жастар көшесіне;

      6) Набережная көшесі Наурыз көшесіне;

      7) Новая көшесі Бәйтерек көшесіне;

      8) Озерная көшесі Тәуелсіздік көшесіне;

      9) Речная көшесі Нұра көшесіне;

      10) Садовая көшесі Атамекен көшесіне;

      11) Степная көшесі Сарыарқа көшесіне қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауыл әкімінің
міндеттерін атқарушысы
С. Ишанкулов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады