Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1.Осакаров аудандық мәслихатының 2014 жылғы 5 наурыздағы № 275 "Осакаров аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2585 болып тіркелген, 2014 жылғы 1 мамырдағы № 18 (7398) "Сельский труженик" аудандық газетінде және 2014 жылғы 21 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
2. Осакаров аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 маусымдағы № 472 "Осакаров аудандық мәслихатының 27 сессиясының 2014 жылғы 5 наурыздағы № 275 "Осакаров аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 13 шілдеде № 3328 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 шілдеде № 29 (7461) "Сельский труженик" аудандық газетінде және 2015 жылғы 03 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Ж. Хасенов |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | К. Саккулаков |