Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Ұлытау ауданының әкімдігінің 2017 жылғы 17 сәуірдегі № 13/02 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 21 сәуірде № 4233 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ұлытау ауданының әкімдігінің 2019 жылғы 25 қазандағы № 31/1 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ұлытау ауданының әкімдігінің 25.10.2019 № 31/1 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31 бабы 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9 бабы 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Ұлытау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 

      1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін осы қаулының қосымшасына сәйкес жұмыс орындарына квота белгіленсін. 

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы М. Оспанов

  Ұлытау ауданы әкімдігінің
2017 жылғы 17 сәуір
№ 13/02 қаулысына қосымша

Мүгедектер үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін ұйымдардың тізімі

Ұйымның атауы

Қызметкерлердің тізімдік саны 

Квотаның мөлшері (%) қызметкерлердің тізімдік санынан 

Мүгедектер үшін жұмыс орындарының саны

1

Ұлытау ауданы әкімдігінің Ұлытау ауданының білім бөлімінің "Өркен" балабақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

25

2

1

2

Ұлытау ауданы әкімдігінің Ұлытау ауданының білім бөлімінің "Таңшолпан" балабақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

14

2

1

3

Ұлытау ауданы әкімдігінің Ұлытау ауданының білім бөлімінің "Балдаурен" балабақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

34

2

1

4

Ұлытау ауданы әкімдігінің Ұлытау ауданының білім бөлімінің "Айгөлек" балабақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

50

2

1

5

Ұлытау ауданы әкімдігінің Ұлытау ауданының білім бөлімінің "Балбұлақ" балабақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

27

2

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады