2019 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Мерзімі біткен

Қарағанды облысы Ұлытау ауданының әкімдігінің 2019 жылғы 25 қазандағы № 31/1 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 29 қазанда № 5507 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Ұлытау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, меншік нысанына және ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына қарамастан, ұйымдарда жұмыс орындарының тізімдік санынан пайызбен көрсеткенде 2% көлемінде мүгедектер үшін осы қаулының қосымшасына сәйкес жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.

      2. Ұлытау ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 17 сәуірдегі "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" № 13/02 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4233 болып тіркелген, "Ұлытау өңірі" № 21 (6095) газетінде 2017 жылғы 20 мамырда, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіде электрондық түрде 2017 жылғы 10 мамырда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б. Әбдіғалиұлы

  Ұлытау ауданы әкімдігінің
2019 жылғы " "
№ қаулысына
қосымша

Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленетін ұйымдардың тізімі

Ұйымның атауы

Қызметкерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері (%) қызметкерлердің тізімдік санынан 

Мүгедектер үшін жұмыс орындарының саны

1

Ұлытау ауданы әкімдігінің Ұлытау ауданының білім бөлімінің "Айгөлек" балабақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

50

2

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады