Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ұлытау ауданының әкімдігінің 25.10.2019 № 31/2 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық - атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңына, 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9 бабының 7), 8), 9) тармақшаларына, "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 бұйрығына (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) сәйкес, Ұлытау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жұмыс орындарының квотасы:
1) Ұлытау ауданында қылмыстық-атқару жүйесінің пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы санының 1 % мөлшерінде жұмыс орындарының квотасы 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін;
2) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы санының 1 % мөлшерінде жұмыс орындарының квотасы 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін;
3) ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын, жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының жалпы санының 1 % мөлшерінде жұмыс орындарының квотасы 3 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің | |
міндетін атқарушы | М. Оспанов |
Ұлытау ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 17 сәуір № 13/01 қаулысына 1 қосымша |
Қылмыстық-атқару жүйесінің пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін Ұлытау ауданы ұйымдарының тізімі
№ | Ұйымның атауы | Қызметкерлердің тізімдік саны | Квотаның көлемі (%) қызметкерлердің тізімдік санынан | Қылмыстық-атқару жүйесінің пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны |
1 | "Ұлытау - Тасбұлақ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 10 | 1 | 1 |
2 | "Жезбұлақ" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 10 | 1 | 1 |
3 | "Ұлытау ауданының көпсалалы коммуналдық шаруашылық кәсіпорны" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны | 20 | 1 | 1 |
4 | "Ұлытау аудандық мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорны | 50 | 1 | 1 |
Ұлытау ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 17 сәуір № 13/01 қаулысына 2 қосымша |
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін, жұмыс орындары квотасы белгіленетін Ұлытау ауданының ұйымдарының тізімі
№ | Ұйымның атауы | Қызметкерлердің тізімдік саны | Квотаның көлемі (% ) қызметкерлердің тізімдік санынан | Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының саны |
1 | "Ұлытау - Тасбұлақ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 10 | 1 | 1 |
2 | "Жезбұлақ" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 10 | 1 | 1 |
3 | "Ұлытау ауданының көпсалалы коммуналдық шаруашылық кәсіпорны" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны | 20 | 1 | 1 |
4 | "Ұлытау аудандық мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорны | 50 | 1 | 1 |
Ұлытау ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 17 сәуір № 13/01 қаулысына 3 қосымша |
Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын, жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін Ұлытау ауданының ұйымдарының тізімі
№ | Ұйымның атауы | Қызметкерлердің тізімдік саны | Квотаның көлемі (% қызмет-керлердің тізімдік санынан) |
Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын, жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының |
1 | "Ұлытау Тасбұлақ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 10 | 1 | 1 |
2 | "Жезбұлақ" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 10 | 1 | 1 |
3 | "Ұлытау ауданының көпсалалы коммуналдық шаруашылық кәсіпорны" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны | 20 | 1 | 1 |
4 | "Ұлытау аудандық мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорны | 50 | 1 | 1 |