Шет ауданы Ақсу-Аюлы ауылындағы көшені қайта атау туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Шет ауданы Ақсу-Аюлы ауылдық округінің әкімінің 2017 жылғы 8 маусымдағы № 3 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 19 маусымда № 4284 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 08 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңына және 2016 жылғы 20 желтоқсандағы Қарағанды облысы әкімдігінің жанындағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындылары негізінде, сондай-ақ ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Ақсу-Аюлы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Шет ауданы Ақсу-Аюлы ауылындағы "Алматы-Екатеринбург" тас жолының бойындағы тұйық көше Зейнолла Игілікұлы көшесі деп қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақсу-Аюлы ауылдық округі әкімінің орынбасары Ө. Омаровқа жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақсу-Аюлы ауылдық
      округінің әкімі Б. Арыстанбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады