Мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Приозерск қаласының әкімдігінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы № 4/30 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 20 ақпанда № 4151 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Приозерск қаласының әкімдігінің 2019 жылғы 25 сәуірдегі № 16/120 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Приозерск қаласының әкімдігінің 25.04.2019 № 16/120 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңдарына сәйкес, Приозерск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Приозерск қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушы болып анықталсын.

      2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      3. "Приозерск қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамаға сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      4. Приозерск қаласы әкімдігінің 2016 жыл 28 қаңтардағы № 3/3 "Мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Приозерск қаласы әкімінің орынбасары Д.Ш. Сәденовке жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Қ. Камзин

  Приозерск қаласы әкімдігінің
2017 жылғы 31 қаңтардағы
№ 4/30 қаулысына қосымша

Бірыңғай ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыратын және өткізетін жұмыстар мен қызметтердің тізбесі

Атауы

1.

Жұмыстар:

1.1.

Бюджеттік даму бағдарламалары шеңберінде жаңа нысандар салу немесе салынғанын қайта құру

1.2.

Бюджеттік даму бағдарламалары шеңберінде жаңа нысандар салуға және салынғанын қайта құруға жобалық-сметалық құжаттама жасау не бар жобалық-сметалық құжаттаманы түзету

1.3.

Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы нысандарын қоспағанда, ғимараттардың, үй-жайлардың, құрылыстардың күрделі жөндеу

2.

Қызметтер:

2.1.

Бюджеттік даму бағдарламалары шеңберінде нысандардың құрылысы және қайта құру жұмыстары кезінде тапсырыс беруші атынан техникалық бақылау жүргізу бойынша инжинирингтік қызметтер көрсету


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады