Приозерск қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы № 4/30 "Мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Приозерск қаласының әкімдігінің 2019 жылғы 25 сәуірдегі № 16/120 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 25 сәуірде № 5301 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңдарына сәйкес, Приозерск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Приозерск қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы № 4/30 "Мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4151 болып тіркелген, 2017 жылдың 24 ақпанында № 08/496 "Приозерский вестник" газетінде, 2017 жылдың 2 наурызында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Д.Ш. Сәденовке жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Қ. Камзин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады