Приозерск қалалық мәслихатының 2014 жылғы 25 маусымдағы XXXIV сессиясының № 34/238 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің Приозерск қаласының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Приозерск қалалық мәслихатының 2017 жылғы 10 қазандағы ХV сессиясының № 15/140 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 25 қазанда № 4417 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Приозерск қалалық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 12/74 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Приозерск қалалық мәслихатының 22.12.2023 № 12/74 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 3 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Приозерск қалалық мәслихатының 2014 жылғы 25 маусымдағы XXXIV сессиясының № 34/238 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің Приозерск қаласының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінда № 2690 тіркелген, 2014 жылғы 25 шілдедегі № 30/363 "Приозерский вестник" газетінде, 2014 жылғы 29 шілдедегі "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларының:

      25-2 тармағы келесі редакцияда мазмұлдансын:

      "25-2. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісім шарты Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің міндетін атқарушы 2017 жылғы 17 наурыздағы "Өрлеу" жобасына қатысуға арналған құжаттар нысанын бекіту туралы" № 37 бұйрығымен бекітілген нысандарға сәйкес жасалады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15016 болып тіркелген).".

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы С. Бейскеев
      Мәслихат хатшысы Б. Сәрсембеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады