"Қызылорда облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облыстық мәслихатының 2017 жылғы 15 наурыздағы № 113 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 11 сәуірде № 5787 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 199 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 29.03.2018 № 199 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңының 33-бабының 5-тармағына және "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 110 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14637 болып тіркелген) сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған "Қызылорда облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі бекітілсін.

      2. "Қызылорда облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Әдістемесін бекіту туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2016 жылғы 19 мамырдағы № 29 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5526 болып тіркелген, облыстық "Сыр бойы" және "Кызылординские вести" газеттерінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 88 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облыстық Қызылорда облыстық
      мәслихатының мәслихатының
      12 сессиясының төрағасы хатшысы
      И. Шағыртаев Н. Байқадамов

  Қызылорда облыстық мәслихатының
  2017 жылғы 15 наурыздағы
№ 113 шешімімен бекітілген

"Қызылорда облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Қызылорда облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 33-бабының 5-тармағына және "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 110 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14637 болып тіркелген) сәйкес әзірленді және "Қызылорда облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – мәслихат аппараты) "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – "Б" корпусының қызметшілері) қызметін бағалау алгоритмін айқындайды.

      2. "Б" корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі - бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын айқындау үшін жүргізіледі.

      3. Бағалау "Б" корпусы қызметшісінің атқаратын лауазымындағы қызметінің нәтижелері бойынша:

      1) тоқсан қорытындысы бойынша (тоқсандық бағалау) - есептік тоқсаннан кейінгі айдың онынан кешіктірмей (бағалануы оныншы желтоқсаннан кеш емес өткізілетін төртінші тоқсанды қоспағанда);

      2) жыл қорытындысы бойынша (жылдық бағалау) - бағаланып жатқан жылдың жиырма бесінші желтоқсанынан кешіктірмей жүргізеді.

      "Б" корпусының қызметшісін бағалау оның нақты лауазымда орналасу мерзімі үш айдан кем болған жағдайда, сондай-ақ сынақ мерзімі кезеңінде өткізілмейді.

      Әлеуметтік демалыстағы немесе еңбекке уақытша қабілетсіздігі кезеңіндегі "Б" корпусының қызметшілерінің бағалауы жұмысқа шыққаннан кейін 5 жұмыс күні мерзімінде өтеді.

      4. Тоқсандық бағалауды тікелей басшы жүргізеді және "Б" корпусы қызметшісінің лауазымдық міндеттерді орындауын бағалауға негізделеді.

      "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысы лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес аталған қызметші бағынатын тұлға болып табылады.

      5. Жылдық бағалау:

      1) "Б" корпусы қызметшісінің есептік тоқсандардағы орта бағасынан;

      2) Осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес "Б" корпусы қызметшісінің жеке жұмыс жоспарын орындау бағасынан құралады.

      6. Бағалауды өткізу үшін "Б" корпусы мемлекеттік лауазымға тағайындау және мемлекеттік лауазымнан босату құқығы бар лауазымды тұлғамен Бағалау жөніндегі комиссия құрылады, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) оның жұмыс органы болып табылады.

      7. Бағалау жөніндегі комиссияның отырысы оның құрамының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда заңды болып есептеледі.

      Бағалау жөніндегі комиссияның төрағасы не мүшесі болмаған жағдайда, оларды алмастыру Бағалау жөніндегі комиссияны құру туралы актіге өзгертулер енгізу арқылы уәкілетті тұлғаның шешімі бойынша жүзеге асырылады.

      8. Бағалау жөніндегі комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

      9. Дауыс беру қорытындысы Бағалау жөніндегі комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      Бағалау жөніндегі комиссияның хатшысы болып персоналды басқару қызметінің (кадр қызметі) қызметкері табылады. Бағалау жөніндегі комиссияның хатшысы дауыс беруге қатыспайды.

2. Жұмыстың жеке жоспарын құрастыру

      10. Жұмыстың жеке жоспары "Б" корпусы қызметшісімен және оның тікелей басшысымен бірлесіп келесі жылдың оныншы қаңтарынан кешіктірілмей осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құрастырылады.

      11. "Б" корпусының қызметшісін лауазымға осы Әдістеменің 10-тармағында көрсетілген мерзім өткеннен кейін тағайындалған жағдайда, атқаратын лауазымдағы "Б" корпусы қызметшісі жұмысының жеке жоспары оны лауазымға тағайындаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде құрастырылады.

      12. "Б" корпусының қызметшісі жұмысының жеке жоспарындағы мақсаттық көрсеткіштердің саны төрттен көп емес және олар нақты, өлшенетін, қолжетімді, белгілі бір орындау мерзіммен болуы қажет.

      13. Жеке жоспар екі данада құрастырылады. Бір дана персоналды басқару қызметіне (кадр қызметі) беріледі. Екінші дана "Б" корпусы қызметшісінің құрылымдық бөлімше басшысында болады.

3. Бағалауды жүргізуге дайындық

      14. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) Бағалау жөніндегі комиссия төрағасының келісімімен бағалауды өткізу кестесін қалыптастырады.

      Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бағалауға жататын "Б" корпусы қызметшісін және бағалауды іске асыратын тұлғаларды бағалау басталмастан күнтізбелік он күн бұрын бағалау туралы уақытылы хабардар етуді қамтамасыз етеді және оларға бағалау парақтарын толтыру үшін жібереді.

4. Лауазымдық міндеттерді орындаудың тоқсандық бағалауы

      15. Лауазымдық міндеттерді орындауды бағалау негізгі, көтермелеу және айыппұл баллдарынан құралады.

      16. Қызметшінің өз лауазымдық міндеттерін орындағаны үшін негізгі баллдар 100 балл деңгейінде белгіленеді.

      17. Көтермелеу баллдары ағымдағы жұмыстың орташа көлемінен асатын қызмет көрсеткіштері, сондай-ақ мазмұндық және/немесе ұйымдастырушылық жағынан күрделі болып табылатын қызмет түрлері үшін қойылады.

      18. Ағымдағы жұмыстың орташа көлемінен асатын қызмет көрсеткіштері және күрделі болып табылатын қызмет түрлері мемлекеттік органдармен өз ерекшеліктеріне сүйеніп өз бетімен белгіленеді және атқарылған жұмыстың көлемі мен күрделігінің қосу тәртібімен бес деңгейлік шәкіл бойынша орналастырылады. Бұл ретте көтермеленетін қызмет көрсеткіштері мен түрлеріне Электронды құжат алмасудың бірыңғай жүйесінде және мемлекеттік органның Интранет-порталында белгіленетін де, белгіленбейтін де құжаттар мен іс-шаралар кіре алады.

      Әр көтермеленетін қызмет көрсеткіші мен түрі үшін "Б" корпусының қызметшісі тікелей басшымен бекітілген шәкілге сәйкес “+1”-ден “+5”баллға дейін иеленеді.

      19. Айыппұл баллдары орындау және еңбек тәртібін бұзғаны үшін қойылады.

      20. Атқарушылық тәртібін бұзуға жоғары тұрған органдардың, мемлекеттік орган басшылығының, тікелей басшының тапсырмаларын және бақылаудағы құжаттар мен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін орындау мерзімдерін бұзу жатады.

      Атқарушылық тәртібін бұзу фактілері туралы ақпараттың дереккөздері ретінде құжат айналымы қызметі және "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысының құжатпен дәлелденген мәліметі саналады.

      21. Еңбек тәртібін бұзуға:

      1) дәлелді себепсіз жұмысқа кешігу;

      2) қызметшілердің қызметтік әдепті бұзуы жатады.

      Еңбек тәртібін бұзу фактілері туралы ақпараттың дереккөздері ретінде персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) және "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысының құжатпен дәлелденген мәліметі саналады.

      22. Әр атқарушылық және еңбек тәртібін бұзғаны үшін "Б" корпусының қызметшісіне әр бұзу фактісі үшін “-2” мөлшерінде айыппұл баллдары қойылады.

      23. Лауазымдық міндеттердің орындалуын бағалауды жүргізу үшін, "Б" корпусының қызметшісі тікелей басшыға осы Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағын келісу үшін ұсынады.

      24. Тікелей басшы "Б" корпусы қызметшісінің еңбек және атқарушылық тәртібін бұзғаны туралы персоналды басқару (кадр қызметі), құжат айналымы қызметі берген мәліметтерін есепке ала отырып, бағалау парағында берілген деректердің растығын қарастырып, оған өзгертулер (болған жағдайда) енгізеді және онымен келіседі.

      25. Тікелей басшы келіскеннен кейін, бағалау парағына "Б" корпусы қызметшісі қол қояды.

      "Б" корпусы қызметшісінің бағалау парағына қол қоюдан бас тартуы құжаттарды Бағалау жөніндегі комиисияның отырысына жіберу үшін кедергі болмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметінің (кадр қызметі) қызметкері және "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысы еркін нысанда танысудан бас тарту туралы акт құрастырады.

      26. Қызметшінің тікелей басшысы "Б" корпусы қызметшісінің тоқсандық қорытынды бағасын мынадай формула бойынша есептейді:

     


     

- тоқсандық баға;

      а - көтермелеу баллдары;

      в - айыппұл баллдары.

      27. Тоқсандық қорытынды баға мынадай шәкіл бойынша қойылады:

      80 баллдан төмен - “қанағаттанарлықсыз”, 80-нен 105 (қоса алғанда) баллға дейін - “қанағаттанарлық”, 106-дан 130 баллға дейін (қоса алғанда) - “тиімді”, 130 баллдан астам- “өте жақсы”.

5. Жылдық бағалау

      28. Жылдық бағалауды өткізу үшін "Б" корпусының қызметшісі тікелей басшыға келісу үшін осы Әдістеменің 3-қосымшасындағы нысанға сәйкес жеке жоспарды орындау бойынша толтырылған бағалау парағын жолдайды.

      29. Тікелей басшы бағалау парағын онда берілген мәліметтердің анықтылығы тұрғысынан қарастырып, түзету енгізеді (болған жағдайда) және оған келісім береді.

      30. Жұмыстың жеке жоспарының орындалуын бағалау мынадай шәкіл бойынша қойылады:

      жұмыстың жеке жоспарымен көзделген мақсаттық көрсеткіштердің орындалмағаны үшін 2 балл;

      мақсаттық көрсеткіштің жартылай орындалғаны үшін - 3 балл;

      мақсаттық көрсеткіштің орындалғаны (күтілетін нәтижеге қол жеткізгені) үшін - 4 балл;

      мақсаттық көрсеткіштің күтілетін нәтижесіне асыра қол жеткізгені үшін -5 балл.

      31. Тікелей басшымен келіскеннен кейін бағалау парағын "Б" корпусының қызметшісі растайды.

      "Б" корпусы қызметшісінің бағалау парағына қол қоюдан бас тартуы құжаттарды Бағалау жөніндегі комиссияның отырысына жіберуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметінің (кадр қызметі) қызметкері және "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысы танысудан бас тарту туралы еркін нысанда акт құрастырады. 

      32. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Б" корпусы қызметшісінің жылдық қорытынды бағасын мына формула бойынша Бағалау жөніндегі комиссия отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей есептейді:

     


     

- жылдық баға;

     


      - есептік тоқсандардың орта бағасы (орта арифметикалық мән).
Бұл ретте тоқсандық бағалардың алынған орта арифметикалық мәні осы Әдістеменің 27-тармағында көрсетілген шәкілді есепке ала отырып, бес баллдық бағалар жүйесіне келтіріледі, атап айтқанда:

      "қанағаттанарлықсыз" мәнге (80 баллдан төмен) - 2 балл,

      "қанағаттанарлық" мәнге (80-нен 105 баллға дейін) - 3 балл,

      "тиімді" мәнге (106-дан 130 баллға (қоса алғанда) дейін) - 4 балл,

      "өте жақсы" мәнге (130 баллдан астам) - 5 балл;

     


      - жеке жұмыс жоспарын орындау бағасы (орта арифметикалық мән).

      33. Жылдың қорытынды бағасы мынадай шәкіл бойынша қойылады:

      3 баллдан төмен – "қанағаттанарлықсыз"; 3 баллдан бастап 3,9 баллға дейін – "қанағаттанарлық"; 4 баллдан бастап 4,9 балға дейін – "тиімді"; 5 балл – "өте жақсы".

6. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы

      34. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бағалау жөніндегі Комиссия төрағасымен келісілген кестеге сәйкес бағалау нәтижелерін қарау бойынша бағалау жөніндегі Комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.

      Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бағалау жөніндегі Комиссияның отырысына мынадай құжаттарды:

      1) толтырылған бағалау парақтарын; 

      2) "Б" корпусы қызметшісінің лауазымдық нұсқаулығын;

      3) осы Әдістеменің 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағалау жөніндегі Комиссия отырысы хаттамасының жобасын тапсырады.

      35. Бағалау жөніндегі Комиссия тоқсандық және жылдық бағалау нәтижелерін қарастырады және мына шешімдердің бірін шығарады:

      бағалау нәтижелерін бекітеді;

      бағалау нәтижелерін қайта қарайды.

      Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылдаған жағдайда бағалау жөніндегі Комиссия хаттамада тиісті түсіндірмемен келесі жағдайларда бағаны түзетеді.

      36. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бағалау аяқталған соң оның нәтижесімен екі жұмыс күні ішінде "Б" корпусының қызметшісін таныстырады.

      "Б" корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.

      "Б" корпусы қызметшісінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі болмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметінің (кадр қызметі) қызметкері танысудан бас тарту туралы еркін нысанда акт құрастырады.

      37. Осы Әдістеменің 34-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ бағалау жөніндегі комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы персоналды басқару қызметінде (кадр қызметі) сақталады.

7. Бағалау нәтижелеріне шағымдану

      38. Бағалау жөніндегі Комиссия шешіміне "Б" корпусы қызметшісінің мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне шағымдануы шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      39. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган немесе оның аумақтық департаменті "Б" корпусы қызметшісінен шағым түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде шағымды қарайды және заңнамамен белгіленген мәслихат аппаратында бағалау жүргізу тәртібінің бұзушылықтары анықталған жағдайда, бағалау жөніндегі Комиссия шешімінің күшін жою туралы ұсыныс жасайды.

      40. Қабылданған шешім туралы ақпаратты мәслихат аппараты екі апта ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне ұсынылады.

      41. "Б" корпусы қызметшісінің бағалау нәтижелеріне сотқа шағымдануға құқығы бар.

8. Бағалау нәтижелері бойынша шешім қабылдау

      42. Бағалау нәтижелері бонус төлеу және оқыту бойынша шешім қабылдауға негіз болып табылады.

      43. Бонустар "өте жақсы" және "тиімді" бағалау нәтижелері бар "Б" корпусы қызметшілеріне төленеді.

      44. "Б" корпусының қызметшісін оқыту (біліктілігін арттыру) жылдық бағалаудың қорытындылары бойынша "Б" корпусы қызметшісінің қанағаттанарлықсыз болып танылған қызмет бағыты бойынша жүргізіледі.

      "Б" корпусының қызметшісі бағалау жөніндегі Комиссия оның қызметін жылдық бағалаудың нәтижелерін бекіткеннен кейін үш ай ішінде біліктілікті жоғарылату курстарына жіберіледі.

      45. "Қанағаттанарлықсыз" баға алған "Б" корпусының қызметшісі мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш рет қабылданған тұлғаларға тәлімгер ретінде бекітілмейді.

      46. "Б" корпусы қызметшісінің қатарынан екі жыл қорытындысы бойынша "қанағаттанарлықсыз" мәндегі бағалау нәтижесі оны лауазымында төмендетуге негіз болып табылады. Кез-келген төмен тұрған бос лауазым болмаған жағдайда, "Б" корпусының қызметшісі заңнамамен белгіленген тәртіпте жұмыстан шығарылады.

      47. "Б" корпусының қызметшілерін бағалаудың нәтижелері олардың қызметтік тізімдеріне енгізіледі.

  "Қызылорда облыстық мәслихатының
  аппараты" мемлекеттік мекемесінің
  "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік
  қызметшілерінің қызметін бағалаудың
  әдістемесіне 1-қосымша
  Нысан

"Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің жеке жұмыс жоспары __________________ жыл

(жеке жоспар құрастырылатын кезең)

      Қызметшінің (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)___________________________

      Қызметшінің лауазымы:

      ____________________________________________________

      Қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:__________________________________

      __________________________________________________________________________

№ р/с

Мақсаттық көрсеткіштер*

Күтілетін нәтижелер

1

Мақсаттық көрсеткіш 1


2

Мақсаттық көрсеткіш 2


3

Мақсаттық көрсеткіш 3


4


      Ескертпе:

      *Мақсаттық көрсеткіштер мемлекеттік органның стратегиялық мақсатына (мақсаттарына), олар болмаған жағдайда қызметшінің функционалдық міндеттеріне сәйкестігін есепке ала отыра анықталады.

      Мақсаттық көрсеткіштердің саны төрттен көп емес, оның ішінде жартысы өлшенетін болуға тиіс.

      Қызметші Тікелей басшы

      _________________      ____________________

      (тегі, аты-жөні) (тегі, аты-жөні)

      күні _________________________      күні _____________________

      қолы ________________________      қолы _____________________

  "Қызылорда облыстық мәслихатының
  аппараты" мемлекеттік мекемесінің
  "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік
  қызметшілерінің қызметін бағалаудың
  әдістемесіне 2-қосымша
  Нысан

Бағалау парағы

_____________________тоқсан_____жыл

(бағаланатын кезең)

      Бағаланатын қызметшінің ( тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

      ___________________________________________________________________

      Бағаланатын қызметшінің лауазымы: ___________________________________

      Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:

      _____________________________________________________________________

      Лауазымдық міндеттерді орындау бағасы:


р/с

Қызметшінің өзін-өзі бағалауы

Тікелей басшының бағалауы

Ескерту


Көтермеленетін
көрсеткіштер
мен қызмет түрлері туралы мәліметтер

Орындау тәртібін бұзу туралы мәлімет
тер

Еңбек тәртібін бұзу туралы мәлімет
тер

Көтермеле
нетін көрсеткіштер мен қызмет түрлері
мәліметтер

Орындау
тәртібін
бұзу
туралы
мәлімет
тер
 

Еңбек тәртібін бұзу
туралы
мәлімет
тер


1








2








3









Өзін-өзі бағалау нәтижесі:

Бағалау нәтижесі:


      Қызметші Тікелей басшы

      ________________ _____________

      (тегі, аты-жөні) (тегі, аты-жөні)

      күні _________________________ күні ______________________

      қолы __________________________ қолы ______________________

  "Қызылорда облыстық мәслихатының
  аппараты" мемлекеттік мекемесінің
  "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік
  қызметшілерінің қызметін бағалаудың
  әдістемесіне 3-қосымша
  Нысан

Бағалау парағы

_________________________________________________ жыл

(бағаланатын жыл)

      Бағаланатын қызметшінің (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

      ___________________

      Бағаланатын қызметшінің лауазымы:

      ____________________________________________

      Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:

      __________________________________________________________________________

      Жеке жоспарды орындау бағасы


р/с

Мансаттық көрсеткіштің нәтижесі
 

Маңызы
 

Қызметшінің
өзін-өзі бағалау нәтижелері

Басшының бағалау нәтижелері

Ескерту

1

1 мақсаттық көрсеткіштің нәтижесі

2-ден 5 ке дейін




2

2 мақсаттық көрсеткіштің нәтижесі

2-ден 5 ке дейін




3

3 мақсаттық көрсеткіштің нәтижесі

2-ден 5 ке дейін




4

...





      Қызметші Тікелей басшы

      ________________ _____________

      (тегі, аты-жөні) (тегі, аты-жөні)

      күні _________________________ күні ________________________

      қолы __________________________ қолы _______________________

  "Қызылорда облыстық мәслихатының
  аппараты" мемлекеттік мекемесінің
  "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік
  қызметшілерінің қызметін бағалаудың
  әдістемесіне 4-қосымша
  Нысан

Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы

______________________________________________________

(мемлекеттік органның атауы)

____________________________________________________________________

(бағалау түрі: тоқсандық /жылдық және бағаланатын кезең (тоқсан және (немесе) жыл)

      Бағалау нәтижелері


р/с

Қызметшілердің (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Бағалау нәтижелері туралы мәлімет

Бағалау нәтижелері комиссиямен түзетілуі
(бар болған жағдайда)

Комиссияның ұсыныстары

1





2





...





      Комиссия қорытындысы:

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Тексерген:

      Комиссия хатшысы:

      _______________________________________ Күні: _____________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда, қолы)

      Комиссия төрағасы: ________________________________________Күні: ____________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда, қолы)

      Комиссия мүшесі:

      __________________________________________Күні: _____________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда, қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады