Қызылорда облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы әкімдігінің 2017 жылғы 4 тамыздағы № 850 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 23 тамызда № 5945 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 2019 жылғы 26 тамыздағы № 43 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 26.08.2019 № 43 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қызылорда облысы әкімдігінің келесі қаулыларына өзгерістер енгізілсін:

      1) "Мәдениет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 маусымдағы № 45 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5066 нөмірімен тіркелген, "Кызылординские вести" және "Сыр бойы" газеттерінде 2015 жылғы 30 шілдеде жарияланған) 1-тармағының 2) тармақшасы алынып тасталсын;

      2) "Қызылорда облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 10 маусымдағы № 485 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5551 нөмірімен тіркелген, "Кызылординские вести" және "Сыр бойы" газеттерінде 2016 жылғы 14 шілдеде жарияланған) 2-тармағының 2) тармақшасы алынып тасталсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Р.Р. Рүстемовке жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысы әкімінің
міндетін атқарушы
Қ. Ысқақов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады