"Субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерінің тізбесі және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литріне) арналған субсидиялардың нормаларын бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2017 жылғы 28 сәуірдегі №770 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы әкімдігінің 2017 жылғы 11 қазандағы № 903 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 25 қазанда № 6001 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 1027 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 26.01.2018 № 1027 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 4-4/305 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 11223 нөмірімен тіркелген) сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерінің тізбесі және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литріне) арналған субсидиялардың нормаларын бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 770 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5847 нөмірімен тіркелген, 2017 жылғы 5 маусымда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерінің тізбесі және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литріне) арналған субсидиялардың нормалары:

      реттік нөмірлері отыз сегізінші, отыз тоғызыншы, қырықыншы жолдармен толықтырылсын:

"

38.

Аминокат 10%

литр

50

2550

".

39.

Келик-К-Si

литр

50

2500

40.

Атланте Плюс

литр

50

2750

      2. "Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады