"Қызылорда облысының аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2013 жылғы 23 қазандағы №334 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қызылорда облысы әкімдігінің 2017 жылғы 24 қарашадағы № 953 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 8 желтоқсанда № 6062 болып тіркелді

      "Өсімдіктер карантині туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңына және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің 2017 жылғы 13 қарашадағы №03-04-1395 хатына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қызылорда облысының аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2013 жылғы 23 қазандағы № 334 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4539 нөмірімен тіркелген, "Сыр бойы" және "Кызылординские вести" газеттерінде 2013 жылғы 23 қарашада жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      аталған қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қызылорда облысында карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу туралы";

      аталған қаулының 1- тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қызылорда облысының аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақ белгіленсін.";

      аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясы" (келісім бойынша) мемлекеттік мекемелері осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев
      КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрлігі Агроөнеркәсіптік
кешендегі мемлекеттік
инспекция комитетінің
Қызылорда облыстық аумақтық
инспекциясы" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
_________________ Е. Бекжанов
2017 жылғы "24" қараша

  Қызылорда облысы әкімдігінің 2017 жылғы "24" қарашадағы № 953 қаулысына қосымша
  Қызылорда облысы әкімдігінің 2013 жылғы "23" қазандағы № 334 қаулысына қосымша

Қызылорда облысының аумағында карантиндік режимді енгізе отырып белгіленген карантинді аймақ

Аудандар мен қала атаулары

Барлық залалданған аумақ, гектар

Оның ішінде карантиндік объектілердің түрлері бойынша, гектар

жатаған (қызғылт) кекіре

арам сояулар

калифорниялық қалқаншалы сымыр

қауын шыбыны

1.

Арал ауданы

279,5

260

5,5

14


2.

Қазалы ауданы

3888

2964

707

17

200

3.

Қармақшы ауданы

2669,3

1403

1118,3

8

140

4.

Жалағаш ауданы

5950,2

4497

1286,2

17

150

5.

Сырдария ауданы

5510,5

3197

2047,5

18

248

6.

Шиелі ауданы

6330

3861

1837

12

620

7.

Жаңақорған ауданы

2930

1646

749

25

510

8.

Қызылорда қаласы

2603,5

2293

260,5

18

32

Барлығы

30161

20121

8011

129

1900


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады