"Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн төлемақы мөлшерлерiн белгiлеу туралы" Қызылорда қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 16 наурыздағы №5067 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2017жылғы 9 наурыздағы № 7334 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 5 сәуірде № 5777 болып тіркелді

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн төлемақы мөлшерлерiн белгiлеу туралы" Қызылорда қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 16 наурыздағы № 5067 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №5472 тіркелген, "Ақмешіт ақшамы" газетінде 2016 жылғы 27 сәуірде №35, "Кызылорда Таймс" газетінде 2016 жылғы 27 сәуірде №18, "Әділет ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 25 мамырда жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Қызылорда қаласының әкімі Н. Нәлібаев
       "КЕЛIСIЛДI"
"Қызылорда қалалық тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық
және тұрғын үй инспекциясы
бөлімі" коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің
басшысы
_____________ Е.Қ.Бердібаев
"9" наурыз 2017 жыл

  Қызылорда қаласы әкiмдiгiнiң
2017 жылғы 9 наурыздағы
№7334 қаулысына қосымша
  Қызылорда қаласы әкiмдiгiнiң
2016 жылғы 16 наурыздағы
№5067 қаулысына қосымша

Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi (коммуналдық тұрғын үй қорынан) пайдаланғаны үшiн төлемақы мөлшерлерi


Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдiң (коммуналдық тұрғын үй қорындағы) мекенжайы
Пайдалануға берілген жылы
Айына бiр шаршы метр үшiн төлемақы мөлшерлерi (теңге)
1
2
3
4
1
Қызылорда қаласы, Сырдария мөлтек ауданы, Қасымхан көшесі, №3б үй
2012
60 теңге
2
Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті, Е.Бозғұлов көшесі, №1, 2, 3, 4, 5, 8 үйлер
2012
60 теңге
3
Қызылорда қаласы, Сырдария мөлтек ауданы, №10 үй
2013
61 теңге 7 тиын
4
Қызылорда қаласы, Сырдария мөлтек ауданы, Қасымхан көшесі, №1б үй
2013
58 теңге 3 тиын
5
Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті, Е.Бозғұлов көшесі, №6, 7, 9, 10, 11, 12 үйлер
2014
60 теңге
6
Қызылорда қаласы, Әбу-Насыр Әл-Фараби көшесі, №1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 үйлер
2015
46 теңге 66 тиын
7
Қызылорда қаласы, Жаппасбай батыр көшесі, №4, 5, 6 үйлер
2015
60 теңге
8
Қызылорда қаласы, Титов тұрғын ауданы, Ә.Қашаубаев көшесі, №17б үй
2015
60 теңге
9
Қызылорда қаласы, Есімхан көшесі, №17а, 19а, 23б үйлер
2015
60 теңге
10
Қызылорда қаласы, Арай тұрғын ауданы, Арай-15 көшесі, №110, 112, 114, 116, 118 үйлер
2015
66 теңге 70 тиын
11
Қызылорда қаласы, Жаппасбай батыр көшесі, №1, 2 үйлер
2016
60 теңге
12
Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті, Е.Бозғұлов көшесі, №13 үй
2016
60 теңге

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады