Қызылорда қаласы бойынша субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша субсидия алуға өтінімді ұсыну мерзімдерін айқындау туралы

Қатені түзеу

Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 16 наурыздағы № 7454 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 12 сәуірде № 5792 болып тіркелді

      "Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 19 шілдедегі № 317 бұйрығына сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қызылорда қаласы бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері тізіміне қосу үшін субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша өтінімді ұсыну мерзімдері қосымшаға сәйкес айқындалсын.

      2. Қаулының орындалуын бақылау осы саланы жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасарына жүктелсiн.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қызылорда қаласының әкімі Н. Нәлібаев

  Қызылорда қаласы әкімдігінің
  2017 жылғы "16" наурыздағы
  № 7454 қаулысына қосымша

Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша өтінімді ұсыну мерзімдері

Басым ауыл шаруашылығы дақылдары

Өтінімді ұсыну мерзімдерінің басталуы

Өтінімді ұсыну мерзімдерінің аяқталуы

1

Күріш

01.02.2017 жыл

01.12.2017 жыл

2

Майлы дақылдар

01.02.2017 жыл

01.12.2017 жыл

3

Сүрлемдік жүгері

01.02.2017 жыл

01.12.2017 жыл

4

Бірінші жылғы бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер

01.02.2017 жыл

01.12.2017 жыл

5

Қорғалған топырақ жағдайында өсірілетін көкөніс дақылдары (өнеркәсіптік және фермерлік жылыжайлар) (екі дақыл айналымы)

01.02.2017 жыл

01.12.2017 жыл


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады